Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.11.2001
Қазақстан Республикасында меншiктiң барлық нысанының күзетi саласындағы қызметтi реттеу туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 тамыз 1993 ж. N 671
Құқық тәртiбi мен заңдылықты нығайту, меншiктiң барлық нысандарын қылмыстық қол сұғушылықтан сенiмдi түрде қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының жанындағы күзет қызметi туралы Ереже (N 1 қосымша); 
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мiндеттi түрде қорғауына жататын мемлекеттiк объектiлердiң Тiзбесi (N 2 қосымша) бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне өз құзыры шегiнде мемлекеттiк емес күзет құрамаларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру жүктелсiн. 
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi аталған бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлесiн, мүдделi министрлiктермен және ведомстволардың келiсiмiн алып, бекiтсiн. 
3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар осы қаулымен бекiтiлген Тiзбеге қатаң сәйкес мемлекеттiк объектiлердiң iшкi iстер органдарының күзетуiне берiлуiн қамтамасыз етсiн. 
4. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1966 жылғы 12 мамырдағы "Қазақ ССР Қоғамдық тәртiптi сақтау министрлiгiнiң милиция органдары жанындағы ведомстводан тыс күзет жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" N 334 қаулысы;
"СССР Министрлер Советiнiң "Халық шаруашылығы объектiлерiн
күзетудi одан әрi реттеу және оларды күзеттiң техникалық 
құралдарымен жарақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1987 жылғы
4  тамыздағы N 877 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР 
Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 11 қыркүйектегi N 419 қаулысы
күшiн жойған деп танылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 4 тамыздағы
                                           N 671 қаулысына
                                            N 1 қосымша
     
            Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының
                  жанындағы күзет қызметi туралы
                             Ереже
     
                   I. Жалпы ережелер
     
1.1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары жанындағы күзет қызметi (бұдан әрi - күзет қызметi) ұйымдардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, соның iшiнде шетелдiктердiң де, және азаматтардың материалдық және ақшалай құндылықтарына қылмыстық қол сұғудан объектiлердi, оқшауланған үй-жайлар мен пәтерлердi күзету арқылы қорғауға, шарттық негiзде өзге де күзет қызметiн көрсетуге арналған. 
1.2. Күзет қызметiнiң бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi. 
1.3. Күзет қызметi құрылымы жағынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жанындағы Бас күзет басқармасынан, iшкi iстердiң аумақтық органдары жанындағы басқармалардан, бөлiмдерден, бөлiмшелерден тұрады. Күзет қызметiнiң құрылымдық бөлiмшелерi заңды ұйымдар болып табылады, олар өз атынан шарттар жасай алады, төрелiк және халық соттарында талапкер әрi жауапкер бола алады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, дербес балансы, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде ағымдық есепшоттары болады, қаржы-шаруашылық қызметiн өзiн-өзi өтеу және өзiн-өзi қаржыландыру принциптерiнде ұйымдастырады. 
1.4. Күзет қызметi өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн және жергiлiктi өкiмет органдарының шешiмдерiн және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ведомстволық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
1.5. Күзет қызметi өзiнiң құзыры шеңберiнде қаржы-шаруашылық және шарттық қызметтiң мәселелерiн дербес шешедi. 
1.6. Күзет қызметiнiң бөлiмшелерiн қаржыландыру шарттар бойынша меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, азаматтардан келiп түсетiн арнайы (бюджеттен тыс) қаражаттың, сондай-ақ қызметтiң басқа да түрлерiнен алынатын табыстардың есебiнен жүзеге асырылады. 
Объектiлердi қорғағаны үшiн және басқа да қызметтердi көрсеткенi үшiн ақы төлеу тарифтер бойынша да, экономикалық жағынан негiзделген шығындар ескерiлген шартты бағалар бойынша да жүзеге асырыла алады. 
1.7. Күзет қызметiнiң бөлiмшелерi зейнетақы қорына ақша аударуды және әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi есеп айырысуды белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 
Күзет қызметiнiң қарамағында қалатын қаражат алынуға жатпайды. Ол есепшотқа жиналады да материалдық-техникалық базаны дамытуға, әлеуметтiк бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады. 
Пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы есебiнен резерв қорына ақша аударылады, содан келтiрiлген зиянның орны толтырылады. 
1.8. Күзет қызметi өзiне жүктелген мiндеттердi Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң құрылымдық бөлiмшелерiмен, басқа да құқық қорғау органдарымен, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен және халықпен өзара iс-қимыл жасай отырып шешедi. 
Полная версия
ИС BestProfi