Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.02.2016
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 636 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 73 Қаулысына сәйкес
«Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.11.2015 жылғы № 1107 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 17 мамырдағы
 № 636 қаулысымен
 бекітілген
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1. Осы Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер (берушілер) – отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілер;
2) қағаздағы құжаттың электрондық көшірмесі - тиісті түпнұсқа қағаздағы құжаттың ақпаратын (деректемелердің мәліметтерін) электрондық-цифрлық нысанда толық баяндайтын және осы құжатты растауға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.
1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібі
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын (бұдан әрі – дерекқор) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институт (бұдан әрі – институт) қалыптастырады және жүргізеді.
4. Дерекқордағы мәліметтер www.ks.gov.kz мекенжайы бойынша Интернет-ресурста орналастырылады және барлық мүдделі тұлғаларға өтеусіз негізде танысу үшін қолжетімді. «Қазақстандық қамту» интернет-порталының (бұдан әрі – портал) ақпараттық жүйесі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
1) отандық өндірушілер өндіретін тауарлар, отандық берушілер көрсететін жұмыстар және қызметтер;
Полная версия
ИС BestProfi