Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2013
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 480 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 02.03.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1598 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне келісім-шарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсетіп (келісім-шарттар бойынша бөлінісінде), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат берсін.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия