Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.09.2015
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 863 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 629 Қаулысына сәйкес
«Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 21.01.2015 жылғы № 37 Бұйрығын қараңыз
Редакция 28.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 1 қазандағы
N 863 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2011 жылғы № 448 Қаулысымен (01.10.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.06.2011 жылғы № 631 Қаулысымен (27.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
3. «Заңды түлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
4. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
5. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттык жүйесі.
8. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі.
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы.
10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы.
11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі.
12. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі» ақпараттық жүйесі.
13. «Ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийі» ақпараттық жүйесі.
14. «KZ домендік атаулары мониторингінің жүйесі» ақпараттық жүйесі.
15. Қазынашылыктың біріктірілген ақпараттық жүйесі.
16. «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі.
17. «Салықтык есептілікті өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі.
18. «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі.
19. «Электрондық мемлекеттік сатып aлу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
20. Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттар жүйесі.
21. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы.
22. «Мемлекеттік стандарттар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
23. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл порталы».
24. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
26. Мемлекеттік органдардың интранет-порталы.
Тізбе 26-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 02.05.2013 жылғы № 450 Қаулысына сәйкес (06.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2013 жылдан бастап)
27. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесі.
Тізбе 27-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.05.2014 жылғы № 561 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
28. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық почта жүйесі» ақпараттық жүйесі.
Тізбе 28-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.05.2014 жылғы № 561 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi