Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.07.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 7 Қаулысы
"Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 
2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін әрі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға жыл сайын, 30 қаңтардан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 15 қаңтардағы
 N 7 қаулысымен
 бекітілген
 Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған
 Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі
 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
07.2010 № 733 Қаулысымен.(жариялануға жатпайды)
Полная версия
ИС BestProfi