Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 шілдедегі № 851 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 551 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 23 шілдедегі
 № 851 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу тәртібін белгілейді.
2. Техникалық пайдалану мынадай процестерді қамтиды:
2) ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының ұшуға жарамдылықты нормаларының және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкестігін бақылау.
3. ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкестігін бақылауды ӘК экипаждары және ИТҚ жүзеге асырады.
4. Жөндеу әуе кемесінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ұшуға жарамдылық нормаларында анықталатын ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру процесін қамтиды.
5. Әуе кемелеріне және олардың компоненттеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Азаматтық авиация авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ұйымдарды сертификаттау және сертификат беру ережесіне сәйкес сертификатталған ұйым орындайды. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану туралы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі және 55-бабына сәйкес танылған және шетел мемлекеті берген куәлігі бар авиациялық персонал жүргізеді.
6. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
7. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізу кезінде оларды жасап шығарушы немесе техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым берген сәйкестендіруші құжаттары (формулярлар, паспорттар, заттаңбалар, пайдалануға рұқсат беру туралы құжаттар, дәлме дәл көшірмелер) жоқ агрегаттарды, жинақтаушы бұйымдарды және олардың қосалқы бөлшектерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
8. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін техникалық қызмет көрсету және авиация техникасын жөндеу жөніндегі ұйымда оған сертификаттау және сертификат беру Қағидасына сәйкес сертификат беру арқылы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган растайды.
Полная версия
ИС BestProfi