1. Қоса беріліп отырған Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.03.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 864 Қаулысы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 864 қаулысымен бекітілген
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін (бұдан әрі - тариф) қалыптастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес концессия шарттары бойынша өз қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - концессия субъектісі) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында әзірленді.
2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тарифтің шығын бөлігі - тарифті және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтер көрсетуіне байланысты шығындардың жиынтығы. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнын және кезең шығыстарын (жалпы және әкімшілік шығыстар, сату жөніндегі шығыстар, сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар) қамтиды;
2) концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласында концессия субъектісі ұсынатын және белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түріндегі қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
3) уәкілетті орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3. Ереже реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын және өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын концессия субъектілеріне қолданылады.
4. Концессия шартында айқындалған концессия жобасының өтелімділігі кезеңінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер салынған қаражаттың қайтарылуын ескере отырып қалыптасады.
Бұл ретте концессия шартында айқындалған концессия жобасы өтелімділігінің мерзімі аяқталғаннан кейін концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер салынған қаражатты ескерместен қалыптасады.
5. Тарифтерді қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде жүзеге асырылады.
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді қалыптастыру кезінде шығындар осы Ереженің талаптары ескеріле отырып енгізіледі. Шығындардың баптарын қалыптастыру бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия