1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын және Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары бекітілсін.
Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын және Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 179 Қаулысы
Редакция 19.07.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. «2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 31-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген 2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:
«
8-1. | Мұхамеджан Қаратаевтың 100 жылдығы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МАМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімі | 2010 жыл |
».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 179 қаулысымен бекітілген
Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2010 № 733 Қаулысымен. (09.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Р/с № | Іс-шараның атауы | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі | Қаржыландыру көздері | Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған кітаптар басып шығару | Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі | 2010 жыл бойы | 017 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы | 2999,36 |
2 | Мұхамеджан Қаратаев туралы деректі фильм жасау және оны телеарналарда көрсету | Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі | 2010 жыл бойы | 025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы | 1600,0 |
3 | Салтанатты жиналыс және Қазақстанның өнер шеберлерінің концертін өткізу | Алматы қаласының әкімі | 2010 жылғы тамыз | Жергілікті бюджет | 1500,0 |
4 | «Еске алу кеші» атты концерт ұйымдастыру және өткізу | Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі | 2010 жылғы қазан | 011 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы | 3347,414 |
5 | «Академик Мұхамеджан Қаратаев және XX ғасыр әдебиеттану ғылымы» атты ғылыми-теориялық конференция дайындау және өткізу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | 2010 жылғы желтоқсан | Бюджеттен тыс қаражат | 350,0 |
ЖИЫНЫ: | Республикалық бюджет | 7946,774 | |||
Жергілікті бюджет | 1500,0 | ||||
Бюджеттен тыс қаражат | 350,0 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 179 қаулысымен бекітілген
Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2010 № 733 Қаулысымен. (09.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Р/с № | Іс-шаралар атауы | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі | Қаржыландыру көздері | Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | «Географиялық қоғам бөлімшесінің жазбаларындағы Г.Н. Потаниннің мақалалары» тақырыбына көрме (ретро-шолу) өткізу | Шығыс Қазақстан облысының әкімі | 2010 жылғы шілде | Жергілікті бюджет | 40,0 |
2 | Павлодар қаласында Г.Н. Потаниннің барельефін дайындау және оны Тарихи өлкетану мұражайы ғимаратының алдына орнату | Павлодар облысының әкімі | 2010 жылғы қыркүйек | Жергілікті бюджет | 3500,0 |
3 | «Г.Н. Потанин және Ш. Уәлиханов: өмірдей ұзақ саяхат» тақырыбына көрме өткізу | Шығыс Қазақстан облысының әкімі | 2010 жылғы қыркүйек | Жергілікті бюджет | 30,0 |
4 | Г.Н. Потаниннің туғанына 175 жыл толуына арналған салтанатты кеш және көрме өткізу | Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі | 2010 жылғы қыркүйек | 011 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу» республикаық бюджеттік бағдарламасы | 2605,2 |
5 | «Г.Н. Потанин. Қордың құжаттық коллекциясы» көрмесін ұйымдастыру және өткізу | Павлодар облысының әкімі | 2010 жылғы қазан | Жергілікті бюджет | 300,0 |
6 | Г.Н. Потаниннің 175 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастыру және өткізу. Конференцияның қорытындылары бойынша материалдар жинағын басып шығару | Павлодар облысының әкімі | 2010 жылғы қазан-қараша | Жергілікті бюджет | 1050,0 |
7 | Г.Н. Потаниннің таңдамалы шығармалары жинағын басып шығару | Павлодар облысының әкімі | 2010 жылғы қараша | Жергілікті бюджет | 1000,0 |
ЖИЫНЫ: | Республикалық бюджет | 2605,2 | |||
Жергілікті бюджет | 5920,0 |
Полная версия