Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.04.2011
Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 маусым N 710
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 380 Қаулысымен. (07.06.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
Президенттің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030" жолдауында тұжырымдалған Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және игілігі жөніндегі 4-басымдықты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану 
тұжырымдамасы мақұлдансын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                      Үкіметінің
                                      1999 жылғы 7 маусымдағы
                                      N 710 қаулысымен мақұлданған
     
      Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану
                   тұжырымдамасы
     
                 1. Жалпы ережелер
     
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ассамблеясының 30 сессиясының қарарында денсаулық сақтауды мемлекеттiк саясат деңгейiне көтеру баршаға ұсынылған "Үкiметтер мен ДДҰ-ның алдағы онжылдықтағы негiзгi әлеуметтiк мiндетi 2000 жылға дейiн Жер бетiндегi барлық тұрғындардың әлеуметтiк және экономикалық тұрғыда нәтижелi өмiр сүруіне мүмкiндiк беретiн денсаулық дәрежесіне қол жеткiзуде". Осыған байланысты мыналар қабылданды: 
1. Денсаулық жағдайын айқындайтын негiзгі факторлардың бiрi өмiр салты болып табылады, осыған байланысты денсаулықтың жоғары деңгейiне жетудiң ең маңызды мақсаты салауатты өмiр салтын және азаматтың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру болып табылады және бұл әр адамның табиғи және iшкi қажеттiлiгiне айналуға тиiс. Денсаулықты нығайтудың жалпы стратегиясына салауатты өмiр салтының қоғамдық саясаты, тәртiп стереотипi, денсаулық сақтау қызметтерiн, әсiресе халықпен өзара iс-қимыл, бiлiм беру жағын қайта бағдарлау сияқты элементтер кiредi. 
2. Салауатты өмiр салты стратегиясының мақсаты барлық халықтар үшiн денсаулықты айқындайтын факторларға, салауатты өмiр салтын қалыптастыруға және қолдауға мүмкiндiк беретiн қызметтерден бастап, тұтынатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметке дейiн тең жағдайда қол жеткiзудi қамтамасыз ету болып табылады. 
3. Салауатты өмiр салты (WНО-1993): барлық адамдардың денiнiң саулығына жету жөнiнде ДДҰ-ның бас стратегиясын жүзеге асырудың негiзгі мiндеттерiнiң бiрi болып табылады, оның тұжырымындағы "2000 жылға барлық мүше мемлекеттерде салауатты өмiр салтын белсендi түрде нығайтуға және қолдауға бағытталған тамақтану мен дене тәрбиесiнiң теңдiгiн сипаттайтын қызметке ұдайы күш салу қабылдануға тиiс" екендiгi айтылған. 
4. Салауатты өмiр салтының мiндеттерiн шешудiң негiзгi жолдарына ДДҰ-ның айқындауы бойынша "тамақтанудың нормативтерi мен режимдерiне қатысты қазiргi бар ұсынымдарға негiзделген тамақтанудың салауатты дағдыларын ынталандыру және насихаттау" жатады. 
5. Тамақтанудың маңызды рөлi ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тiң бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегi тарихи халықаралық конференциясының декларациясында бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң компонентi ретiнде айқындалған (Алматы қаласы, 1978). 
6. Салауатты өмір салтының тұжырымдамасы контексте дұрыс тамақтануды салауатты өмiр салтын қалыптастырудың негiзгi буыны ретiнде қарастырады. 
Президенттiң "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауында "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, бiлiмi және әл-ауқаты" деген ұзақ мерзiмдi 4-басымдыққа сәйкес: 
Салауатты өмір салты елдің дамуының ерекше саяси, экономикалық және медициналық-әлеуметтiк өлшемi болып табылады. 
7. Осы ұзақ мерзiмдi басымдықта денсаулықты сақтау мен нығайтудың негiзгi проблемалары ретiнде: ауруларды болдырмау және салауатты өмiр салтын ынталандыру, нашақорлықпен және наркобизнеспен күрес, алкоголь мен темекi тұтынуды қысқарту, әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту, тамақтануды жақсарту; қоршаған орта мен экологияның тазалығы айқындалған. 
  2. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы мен                          өмiр сүру жағдайы 
Соңғы жылдары халықтың денсаулық жағдайында келеңсiз үрдiстер күшейдi, халықтың өсу және туу қарқыны төмендедi, әйелдер мен балалар денсаулығының көрсеткiштерi төменгi деңгейде сақталуда, туберкулез, жыныс жолдары арқылы берiлетiн аурулар едәуiр өскенi орын алуда, вирусты гепатиттiң таралуы жоғары күйiнде қалып отыр. 
1990-1996 жылдар аралығында орташа өмiр сүру көрсеткiшi ер адамдарда 4,1 жылға және әйелдерде 2,7 жылға кемiдi, ол тиiсiнше 59,7 және 70,4 жасты құрайды. 
Осы көрсеткiш бойынша Қазақстан Республикасы Орталық Азия мемлекеттерiнiң арасында ең соңғысының алдындағы орында және Еуропа елдерiнен 10-15 жылға артта қалып отыр. 
Өлімнiң және адам өмiрiнiң орташа ұзақтығының көрсеткiштерi бойынша жас ер адамдар тобында барынша қауіпті үрдіс пайда болып отыр, соңғысы үлкен экономикалық және әлеуметтік шығын болып табылады деген сөз. Мұның өлшемді факторлары мыналар болып табылады: 
8. Жыл сайын 45 мың адам өлетін жүрек-қан тамырлары жүйелерінің аурулары; өлімнің себептерінің арасында ол бірінші орын алады. Екінші орында - қайғылы оқиғалар, жарақаттану және улану. Өлім себептерінің құрылымындағы үшінші орынды қатерлі ісіктер алады. 
Жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтыратын негізгі факторларға: темекі тарту, маскүнемдік, дұрыс тамақтанбау, дене қимылының төмендігі, психикалық-эмоциялық салмақ және т.б. жатады. 
Полная версия
ИС BestProfi