"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2014
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнің (қаржы полициясының) мәселелерi Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 1557 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығына сәйкес
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттік құрылымы;
3) мемлекеттiк органдардың - Агенттіктің аумақтық органдары мен оқу орындарының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 334-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақта "1-3" деген цифрлар "1-4" деген цифрлармен ауыстырылсын;
осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 1557 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгі (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, экономикалық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестірудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат берушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарда шоттары болады.
Полная версия

