Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1035 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 587 Қаулысы
Осы Қаулы 2022 жылғы 25 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.03.2022 жылғы № 150 Қаулысына сәйкес
1. "Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1035 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесінде:
"Үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстанның биологиялық саналуандығын сақтау қоры" корпоративтік қоры".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия