Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және өзара технологиялық iс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 тамыздағы № 931 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2015 жылғы № 503 Бұйрығын қараңыз
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және өзара технологиялық iс-қимыл жасау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 19 тамыздағы
 № 931 қаулысымен
 бекітілген
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және өзара технологиялық iс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы
1. Осы Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және өзара технологиялық iс-қимыл жасау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және жолаушы тасымалдаулары нарығындағы субъектілердің өзара техникалық іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жолаушы тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі – жолаушы тасымалын орталықтан басқару және орындарды электронды резервке қою жүйесі (бұдан әрі – БАЖ);
2) БАЖ жабдығы – үлгілік сертификатталған терминалдық жабдықтар, билет-касса аппаратурасы, анықтамалық қондырғылар, ақпараттық дүнгіршектер, ұжымдық пайдаланымдағы электронды таблолар, билет сату автоматтары мен жол жүру құжаттарын сатуға және жолаушылар тасымалы бойынша анықтамалық ақпараттар алуға арналған басқа да жабдықтар;
3) абонент – БАЖ жабдығымен жабдықталған және БАЖ-ға қосылған жұмыс орны;
4) пайдаланушы – БАЖ-дың ақпараттық ресурстарына қол жеткізу құқығын алған адам;
5) жаңғырту – үлгісі мен зауыттық нөмірін өзгертуге әкеп соғатын БАЖ жабдығын ауыстыру, жетілдіру;
6) көшіру – бір елді мекен шеңберінде басқа пошталық мекенжай бойынша орналасқан ғимаратқа ауыстырған жағдайда пайдалануға қабылданған БАЖ жабдығының орнын ауыстыру.
3. Ұлттық темір жол компаниясы  уәкілетті органмен келісім бойынша тасымалдаушылар мен жолаушылар агенттіктерінің БАЖ-ға тасымалдау үдерісіне қатысушылардың барлығына арналған бірдей шарттармен қол жеткізуін ұйымдастырады.
4. БАЖ-дың ақпараттық ресурстары рұқсаттың мынадай түрлерін ұсынуға мүмкіндік береді:
Полная версия
ИС BestProfi