1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарының штат саны орта және аға басшы құрам қызметкерлерi оларды ұстауға жұмсалатын тиiстi шығыстармен бiрге 1500 адамға қысқартылсын.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдар жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 қыркүйектегi N 4073 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден комитетiнiң штат саны тиiстi шығыстардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң офицерлiк құрамдағы әскери қызметшiлерiнiң 1000 адамға қысқартылған, Бас Прокуратураның 500 қызметкерге қысқартылған, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының орта және аға басшы құрамдағы қызметкерлерiнiң 1500 адамға қысқартылған штат санының есебiнен 4100 адамға өсiрiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi әуежайлар мен темiр жол станцияларында орналасқан кеден органдарына кедендiк бақылауды ұйымдастыру үшiн 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қызметтiк үй-жайлар бөлу туралы мәселенi заңдарда белгiленген тәртiппен шешсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1999 жылдың аяғына дейін сметаларда 34 бақылау-өткізу пункттерінің, 78 модульдық үлгідегі құрастырмалы үйлердің құрылысын аяқтауға көзделген 300 млн. теңге сомасындағы қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін, оның 90 млн. теңгесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің жаңадан бөлінген әкімшілік ғимаратын қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге бағыттасын.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.11.1999. № 1753 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсе отырып бiр ай мерзiм iшiнде жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарлары мен көлiк құралдарын мiндеттi декларациялаудың тәртiбiн белгiлесiн.
6. Облыстардың және Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы автоөтпелер ұйымдастырылған жерлерде бақылау-өткiзу пункттерiн салуға заңдарда белгiленген тәртiппен қайтарусыз негiзде жер учаскелерiн бөлетiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден комитетiнiң орталық аппаратының штат санының лимитi 204 адам болып белгiленсiн.
8.
#$8-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 25.02.1999. № 173 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
11. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004 қаулысына 1-қосымша
Кеден органдары үшiн қызметтiк үй-жай бөлiнуге тиiстi әуежайлардың ТIЗБЕСI
1. "Алматы әуежайы" АҚ
Орналасқан жерi: Алматы қаласы
Полная версия