Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1355 Қаулысы
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1376 Қаулысымен (18.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 29.12.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 15 тамыздағы N 1165 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған  бағдарламасын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекiтiлсiн. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1376 Қаулысымен (18.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) Бағдарламаны орындауды қамтамасыз етсiн, жыл сайын 30 маусымнан және 30 желтоқсаннан кешiктірмей Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігіне оның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі 10 қаңтарға және 10 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
 N 1355 қаулысымен
 БЕКІТІЛГЕН
Бағдарламаның тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1376 Қаулысымен (18.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚ  
  БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ  
  МЕН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ  
  2005-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН  
  БАҒДАРЛАМАСЫ 
Бағдарламаның атауы         Қазақстан Республикасында құқық 
Әзiрлеу үшiн негiздеме      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
Полная версия
ИС BestProfi