Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.05.2015
Белгіленген мөлшердің бір бөлігін, парниктік газдар шығарындыларын азайту бірліктерін, шығарындыларының сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 684 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 28 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 323 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Белгіленген мөлшердің бір бөлігін, парниктік газдар шығарындыларын азайту бірліктерін, шығарындыларының сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарт бойынша белгіленген мөлшердің бір бөлігін, шығарындыларды азайту бірліктерін, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және басқа да туынды бірліктерді құру, айналымы және беру құқығына ие болған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 25 мамырдағы
 № 684 қаулысымен
 бекітілген
Белгіленген мөлшердің бір бөлігін, парниктік газдар шығарындыларын азайту бірліктерін, шығарындыларының сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидалары
1. Осы Белгіленген мөлшердің бір бөлігін, парниктік газдар шығарындыларын азайту бірліктерін, шығарындыларының сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), белгіленген мөлшердің бір бөлігін, парниктік газдар шығарындыларын азайту бірліктерін, шығарындыларының сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) айналым – әртүрлі көміртегі бірліктерінің тізілімдері арасында не көміртегі бірліктерінің бір тізілімі ішінде көміртегі бірліктерін бір шоттан екінші шотқа аударумен байланысты олармен жасалатын кез келген операция;
2) бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі бақылау комитеті – бірлесіп жүзеге асыру жобаларын іске асыруды бақылауды жүзеге асыратын халықаралық орган;
3) есептік кезең – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартпен белгіленген парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі сандық міндеттемелердің қолданылу кезеңі;
4) есептік кезеңнің белгіленген мөлшер резерві – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар талаптарына сәйкес көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде сақталуға тиіс белгіленген мөлшер бірлігінің ең аз көлемі;
5) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы – көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
6) операцияларды халықаралық тіркеу журналы – операциялардың шынайылығын тексеру мақсатында іске асырылатын және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының хатшылығы басқаратын көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімдерінде көміртегі бірліктерімен жасалған операцияларды тіркеудің халықаралық жүйесі;
7) парниктік газдарды сіңіру бірлігі – парниктік газдардың сіңірілуін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;
8) таза даму тетігінің тізілімі – таза даму тетігі жөнінде жобалармен шығарылатын шығарындылардың сертификатталған азаюымен операциялар жүргізу үшін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының таза даму тетігі атқарушы органы жасаған тізілім;
9) таза даму тетігі тізілімінің операторы – климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық шарт шеңберінде таза даму тетігі тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын халықаралық ұйым;
10) туынды көміртегі бірліктері – ормандарды қайта қалпына келтіру және орман отырғызу бойынша қызметтің нәтижесінде парниктік газдарды сіңіруді арттыру жөніндегі жобалармен шығарылатын шығарындылардың сертификатталған азаюының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бірліктері;
11) халықаралық көміртегі бірліктері – белгіленген мөлшердегі бірліктер, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындылардың сертификатталған азаю бірліктері, сіңірулер бірліктері және басқа да туынды көміртегі бірліктері;
12) шығарындыларды азаю бірлігі – бірлесіп жүзеге асыру тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі;
13) шығарындылардың сертификатталған азайту бірлігі – таза даму тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі.
3. Халықаралық көміртегі бірліктерімен құру және айналым бойынша мынадай операция түрлері жүргізіледі:
3) көміртегі бірліктерін бір тізілімнен екіншісіне беру;
4) бір көміртегі бірліктерінің тізілімі шеңберінде бір тұлғадан екіншісіне беру;
4. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық көміртегі бірліктерін құру және айналымы Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жүргізілетін операциялар негізінде жүзеге асырылады, оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым қалыптастырады және жүргізеді.
5. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі көміртегі бірліктері тізілімдерінің жүйесі үшін белгіленген деректер алмасу бойынша халықаралық стандарттарды қолдана отырып, таза даму тетігі тізілімі мен операцияларды халықаралық тіркеу журналы арасында халықаралық көміртегі бірліктерімен операция жасау бойынша тұрақты хабар алмасуды жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операцияларды халықаралық тіркеу журналына жіберетін операциялар жүргізу жөніндегі ұсыныстарда жасалатын операция түрі, халықаралық көміртегі бірліктерінің түрі мен мөлшері, бірліктер берілетін және алынатын тізілімдер мен шоттар, сондай-ақ өзге де қажетті ақпараттар қамтылуға тиіс.
7. Халықаралық көміртегі бірліктері айналымы жөніндегі операциялар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген мерзімде жүргізіледі.
2. Халықаралық көміртегі бірліктерін құру тәртібі
8. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген мөлшердегі бірліктерді, шығарындыларды азайту бірліктері мен сіңіру бірліктерін құрады және айналымға енгізеді.
9. Шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктері мен туынды көміртегі бірліктерін таза даму тетігі тізілімінің операторы құрады және айналымға енгізеді.
10. Белгіленген мөлшердегі бірліктерді құруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген, белгіленген мөлшерді анықтау жөніндегі рәсімінен өткеннен кейін және операцияларды халықаралық тіркеу журналына тиісті деректер ұсынылғаннан кейін Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді.
11. Белгіленген мөлшердегі бірліктер Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне операцияларды халықаралық тіркеу журналынан ұсынылған операцияны мақұлдау туралы хабарлама алу арқылы енгізіледі.
12. Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын бірлесіп жүзеге асыру жобалары бойынша шығарындыларды азайту бірліктерін құруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді не Бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі бақылау комитеті операцияларды халықаралық тіркеу журналына ұсынатын деректердің негізінде құрылады.
13. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын бірлесіп жүзеге асыру жобалары бойынша – шығарындыларды құру бойынша операцияларды жүргізу белгіленген мөлшер бірліктерінің тиісті мөлшерін ауыстыру немесе сіңіру бірліктерін шығарындыларды азайту бірліктеріне ауыстыру арқылы жүргізіледі.
14. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы сіңіру бірліктерін бүкіл есептік кезеңдегі парниктік газдар сіңірулерін мемлекеттік түгендеу нәтижелері бойынша қабылданған қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша енгізеді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен белгіленген мерзімде ол тиісті ұсынысты операцияларды халықаралық тіркеу журналына жолдайды.
15. Операцияларды халықаралық тіркеу журналынан ұсынылған операцияны мақұлдау туралы хабарлама мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның растауын алғаннан кейін оператор Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне сіңіру бірліктерінің тиісті мөлшерін тіркейді.
3. Халықаралық көміртегі бірліктері айналымының тәртібі
16. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінен басқа көміртегі бірліктерінің тізіліміне шығарындыларды азайту бірліктерін беру бойынша операция қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде жасалады.
17. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде шығарындыларды азайту бірліктерінің берілетін мөлшерін көрсете отырып, операцияларды халықаралық тіркеу журналына тиісті ұсыныс жолдайды.
18. Шығарындыларды азайту бірліктерін Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінен басқа көміртегі бірліктерінің тізіліміне біржола беру операцияларды халықаралық тіркеу журналынан ұсынылған операцияны мақұлдау туралы хабарлама алған кезде жүргізіледі.
19. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне шығарындыларды азайту бірліктерін беруді тізілімінен осындай беру жүргізілетін көміртегі бірліктері тізілімінің операторы жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының белгіленген мөлшердің бір бөлігін басқа мемлекеттің көміртегі бірліктерінің тізіліміне беру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт аясында белгіленген есептік кезеңнің белгіленген мөлшерінің резервін қамтамасыз ету жөніндегі талаптары сақталған жағдайда жүргізіледі.
21. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі шеңберінде шығарындыларды азайту бірліктері мен шығарындылардың сертификатталған азаю бірліктерін бір тұлғаның шотынан басқа тұлғаның шотына беру оларды беру жүргізілетін шоттары арасында тұлғалармен жүзеге асырылады.
22. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы халықаралық көміртегі бірліктерін айналымнан шығаруды операцияларды халықаралық тіркеу журналынан алынған тиісті хабарлама негізінде немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде мынадай жағдайларда жүргізеді:
1) халықаралық көміртегі бірліктерін артық көлемде немесе тиісті негіздемесіз шығару;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгіленген, Қазақстан Республикасының халықаралық көміртегі бірліктерін шығаруына негіз болған талаптар мен өлшемдерін сақтамау фактілерінің белгіленуі;
3) Қазақстан Республикасының өзіне тиесілі халықаралық көміртегі бірліктерін айналымнан ерікті түрде алып тастауы.
23. Оператор операцияларды халықаралық тіркеу журналынан хабарлама не қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті шешімін алған күнінен бастап, егер халықаралық көміртегі бірліктері аталған мерзім ішінде шағымдалмаған және қайта қарастырылмаған болса, бір ай мерзімде халықаралық көміртегі бірліктерін айналымнан шығару операциясын жүргізеді.
24. Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы туынды көміртегі бірліктерін көміртегі бірліктерінің басқа түріне ауыстыруды операцияларды халықаралық тіркеу журналынан алынған тиісті хабарламасы немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті шешімі негізінде жүргізеді.
25. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган туынды көміртегі бірліктерін алмастыру туралы шешімді олардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты туынды көміртегі бірліктерін алмастыру үшін қолданылатын халықаралық көміртегі бірліктерінің түрін көрсете отырып қабылдайды.
26. Оператор операцияларды халықаралық тіркеу журналынан хабарлама не қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті шешімін алған күнінен бастап, егер туынды көміртегі бірліктері аталған мерзім ішінде шағымдалмаған және қайта қарастырылмаған болса, туынды көміртегі бірліктерін алмастыру бойынша операцияны бір ай мерзімде жүргізеді.
27. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы халықаралық көміртегі бірліктерінің күшін жоюды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде оларды көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің арнаулы шотына аудару арқылы жүргізеді.
28. Халықаралық көміртегі бірліктерінің күшін жою туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгіленген есепті кезең аяқталғаннан кейін белгіленген мерзімде қабылдайды.
29. Күші жойылатын халықаралық көміртегі бірліктерінің көлемін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт бойынша белгіленген парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі мөлшерлік міндеттемелер негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Полная версия
ИС BestProfi