Внимание! Документ утратил силу с 13.04.2000
Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия құрамына өзгертулер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 ақпан N 197.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия туралы, тауар биржаларын лицензиялау туралы Ережелердi және Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 мамырдағы N 755 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия құрамына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 19, 216-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 1. Мыналар: Горяинов А.В. - Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары Мұхамеджанов Н.Ғ. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi Шағын және орта бизнестi, нарықтың инфрақұрылымын дамыту басқармасының бастығы енгiзiлсiн. 2. Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия құрамынан С.М. Мыңбаев, Х.А. Оспанов, М.Е. Тоқанов, Н.Е. Бектемiсовтар шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Полная версия