1. Каспий теңiзiнiң қорық аймағында айрықша экологиялық жағдайларды ескерiп, көмiр сутегi шикiзатына геофизикалық зерттеулер, геологиялық барлау жүргiзуге және өндiруге рұқсат етiлсiн.
Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2008
Геофизикалық зерттеулер жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 23 қыркүйек 1993 ж. N 936
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 04.05.2008 № 406 Қаулысымен. (23.09.1993 жылғы редакцияны қараңыз)
Каспий теңiзi айлағында мұнай мен газ қорының келешегiн бағамдау бағдарламасын iс жүзiнде жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
2. "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы Каспий теңiзiнiң Қазақстан жағын игеру аймағында геофизикалық жұмыстармен бiрге инженерлiк-экологиялық зерттеулер жүргiзсiн және бұл деректердi айналадағы ортаға ықпал жасалуын бағамдау үшiн пайдалансын.
3. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Каспий теңiзiнiң солтүстiк
бөлiгiнде қорық аймағын жариялау туралы" 1974 жылғы 30 сәуiрдегi
N 252 қаулысымен (Қазақ ССР ҚЖ, 1974 ж., N 10, 43-бап) бекiтiлген
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi қорық аймағы туралы
Ереженiң 5-тармағы мынадай мазмұндағы "д" тармақшасымен
толықтырылсын:
"д) айрықша экологиялық жағдайлар ескерiлiп, көмiр сутегi
шикiзатына геофизикалық зерттеулер, геологиялық барлау жүргiзуге
және өндiруге".
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Полная версия

