«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы N 1195 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес «Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 23.02.2015 жылғы № 133 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасы бекітілсін.
2. «Келісім-шарт аумағында өндірілген мұнайды мердігер жүргізетін өлшеу және салмақтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 478 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1195 қаулысымен бекітілген
Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы » 2010 жылғы 24 маусымдағы және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы » 2000 жылғы 7 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Қағида жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнай массасы мен салмағын өлшеу әдістерің айқындайды.
3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) төрелік сынама - төрелік талдау үшін пайдаланылатын бақылау сынамасы;
2) бақылау өлшеу сызығы - жұмыстағы шығыс түрлендіргіштерінің (бұдан әрі - ШТ) метрологиялық сипаттамаларын бақылау үшін қолданылатын өлшеу сызығы;
3) бақылау аралық интервал - өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын тексеру кезінде анықталған мәндерден ауытқуын анықтау үшін жүргізілетін екі кезекті бақылау актісінің арасындағы уақыт аралығы;
4) есептік операциялар - кейінгі есептер үшін, сондай-ақ арбитраж кезінде мұнай массасын айқындауды білдіретін, тапсыратын және қабылдайтын тараптар жүргізетін операциялар;
5) мұнайдың шығысы мен тұтқырлығының жұмыс диапазоны - ШТ қолданылатын олардың метрологиялық сипаттамалары нормаланған, шығыс пен тұтқырлық мәндерінің саласы;
6) жұмыс өлшеу сызығы - мұнай көлемінің және сапа көрсеткіштерінің өлшемдері жүйесімен (бұдан әрі - МКӨЖ) пайдаланудың қалыпты режимінде жұмыс істейтін өлшеу сызығы;
7) қалыпты жағдайлар - қоршаған орта температурасы 200 С (293,15 0 К), атмосфералық қысым 760 ммрт. б. (101325 Н/м2 );
Полная версия