Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.01.2013
«Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 21.01.2013 № 15 Қаулысымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 30.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 14 шілдедегі
 № 712 қаулысымен
 бекітілген
«Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы
1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және дәрілік заттарға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламенттің реттеу объектілері Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына кіретін дәрілік заттар болып табылады.
3. Техникалық регламенттің ережелері ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілеріне қолданылады.
4. Осы Техникалық регламенттің ықпалына жататын өнімдердің түрлері және олардың Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша олардың кодтары (бұдан әрі мәтін бойынша - КО СЭҚ ТН) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
5. 5-Медициналық иммунобиологиялық препараттарды жіктеу осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.
1) ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар;
2) оқшауландырылған көздер нысанындағы радионуклидтер;
3) адамның жаңа алынған қаны, плазмасы немесе қанының жасушалары;
4) дәрілік заттарды өндірген кезде қойылатын талаптар басқа нормативтік құжаттармен регламенттелетін өнеркәсіптік қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін, жарылыс қауіпсіздігін, химиялық қауіпсіздікті және басқа да қауіпсіздік түрлерін қамтамасыз ету жөніндегі құралдар Техникалық регламент объектілеріне жатпайды.
7. Қазақстан Республикасының аумағында бақылауға жататын құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттар айналымының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысы саласындағы заңымен реттеледі.
Полная версия
ИС BestProfi