Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2003
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. 1999 жылғы 11 тамыз N 188
Редакция 29.12.2002 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  17-1-бабына сәйкес қаулы етемін:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереже (N 1 қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы штат саны 4000 адам болатын құрылымы бекітілсін (N 2 қосымша). 
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 20.05.2000. № 400 жарлығымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 1999 жылғы 11 тамыздағы
 N 188 Жарлығына
 N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы  
  Ереже 
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Қазақстанның Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады әрi Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" заң күшi бар Жарлығында  белгіленген шекте Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi, өз қызметiнде Конституцияны, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" заң күшi бар Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық және заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi), сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алып отырады.
2. Қазақстанның Ұлттық Банкi заңды тұлға - ұйымдық-құқықтық нысанда - мемлекеттiк мекеме болып табылады, оның дербес балансы бар, толық шаруашылық есеп принципiнде жұмыс iстейдi және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге сатылап бағыну жолындағы орталықтанған бiртұтас құрылым. 
Қазақстанның Ұлттық Банкi заң актілерiне сәйкес Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өздерi болатын елдің заңдарын ескере отырып филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.04.2001. №
587 жарлығымен.
3. Қазақстанның Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Yкiметiмен үйлестiредi және онымен ұдайы консультация өткiзіп отырады. 
Қазақстанның Ұлттық Банкi өз қызметiнде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясын басшылыққа алады, Yкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және егер ол өзiнiң негiзгi қызметiн орындауы мен ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтiн болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседi. 
Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстанның Ұлттық Банкi де мұндай жауапкершілік алған кезде болмаса, Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 
Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдары Қазақстанның Ұлттық Банкiнiң, оның филиалдарының, өкілдiктерiнiң және ұйымдарының заңмен бекiтiлген өкілеттіктерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға хақысы жоқ.
4. Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн өз құзырына жататын мәселелер бойынша барлық банктер, сақтандыру ұйымдары, Қазақстанның Ұлттық Банкi берген лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттерi, бағалы қағаздар рыногының субъектілері, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi түрде орындайтын нормативтік құқықтық актiлер шығарады. 
Полная версия
ИС BestProfi