1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереже бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.05.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы N 1093 Жарлығы
Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) мәртебесін және өкілеттіктерін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және аумақтық бөлімшелері бар (сот кеңселері бар) облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы басқа да соттардың (бұдан әрі - соттардың кеңселерінің) қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ететін орган болып табылады.
2. Осы Ережеде соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп сот төрелігін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталған ұйымдық және материалдық-техникалық сипаттағы іс-шаралар түсініледі.
3. Департамент өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімдерін басшылыққа алады.
4. Департамент және соттардың кеңселері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құрады.
5. Департамент және соттардың кеңселері мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады, олардың өз атауы жазылған мөрлері, мөртаңбалары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары болады.
Департамент және соттардың кеңселері азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан қатысады.
6. Департаменттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)» мемлекеттік мекемесі.
7. Департаменттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Д. Қонаев көшесі, 39-үй.
8. Департамент және соттар кеңселері қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Полная версия

