Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2023
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы N 1093 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.01.2023 жылғы № 106 Жарлығына сәйкес  
Редакция 09.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті                                 Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1093 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 18.05.2012 жылғы № 329 Жарлығымен (03.11.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 03.10.2013 жылғы № 660 Жарлығымен (18.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері бар (соттар әкімшілері бар) жергілікті және басқа да соттардың (бұдан әрі - соттар әкімшілері) қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.01.2016 жылғы № 165 Жарлығына сәйкес (03.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департаментке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.04.2019 жылғы № 16 Жарлығына сәйкес (18.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес (05.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
9. Департаменттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi