Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.02.2016
"Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 168 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 26 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылғы № 1127 Қаулысына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 25 қаңтардағы
 № 168 қаулысымен
 Бекітілген
Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) атмосфералық ауа – атмосфера газдарының табиғи қоспасын білдіретін қоршаған орта компоненті;
2) аэроклиматтық жағдайлар – тропосферада және стратосфераның төменгі қабатында анықталатын климаттық жағдайлар;
3) зиянды (ластаушы) заттар – атмосфералық ауада болатын және жол берілген шекті нормативтерден асатын белгілі бір шоғырлануда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін химиялық немесе биологиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;
4) апаттық шығарынды (дүркін) – қазіргі уақыт үшін рұқсат етілген деңгейден асып түсетін кенеттен абайсызда, апаттан туындаған, жылжымалы және стационарлы көздерден зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығуы;
5) діріл – техникадағы (машинадағы, механизмдегі, конструкциядағы, қозғалтқыштағы) механикалық діріл;
6) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер – атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерін өзгертетін, адам денсаулығына және қоршаған ортаға шудың, дірілдің, иондаушы сәулеленудің, температуралық және басқа да физикалық факторлардың зиянды әсері;
7) жол берілетін микроклиматтық жағдайлар – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер ету кезінде организмнің жылулық жағдайына өтпелі және тез қалпына келтіретін өзгеріс туғызуы мүмкін микроклимат параметрлерінің үйлесімділігі;
8) децибел (бұдан әрі – дБА) – шу деңгейінің 0,1 бел-ге тең өлшем бірлігі;
9) табиғи жарықтандыру – сыртқы қоршау конструкцияларының жарық ойықтары арқылы енетін аспан жарығымен (тура немесе шағылу) үй-жайды жарықтандыру;
Полная версия
ИС BestProfi