Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2009
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорықтары туралы уақытша үлгi ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 шiлде 1994 ж. N 753 
     Қазақстан Республикасының күзетiлетiн табиғи аумағын 
ұйымдастыру мен оның қызмет етуiнiң заңдылық және 
нормативтiк-құқықтық негiздерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорықтары туралы 
Уақытша Үлгi ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 5 шiлдедегi
                                          N 753 қаулысымен
                                         Бекiтiлген  

 
 
            Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорықтары
                  туралы Уақытша Үлгi ереже
             
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының күзетiлетiн табиғи аумағын 
ұйымдастыру мен оның қызмет етуiнiң заңдылық және 
нормативтiк-құқықтық негiздерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорықтары туралы 
Уақытша Үлгi ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 5 шiлдедегi
                                          N 753 қаулысымен
                                         Бекiтiлген  

 
 
            Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорықтары
                  туралы Уақытша Үлгi ереже
             Негiзгi қағидалар
1. Кәдуiлгi, сирек кездесетiн немесе бiрегей ландшафттар мен олардың құрамындағылардың табиғи болмысын сақтау, олардағы табиғи процестер мен құбылыстардың жаратылыс өзгерiлiмiн зерделеу және табиғатты қорғаудың ғылыми негiздерiн айқындау мақсатында ерекше табиғатты қорғаушылық, ғылыми, экологиялық-ағартушылық және эстетикалық маңызы бар олардың шегiнде орналасқан табиғи кешендер мен объектiлерiн түгел алғанда жер, жер қойнауы мен су кеңiстiгiнiң учаскелерi мемлекеттiк қорықтар деп жарияланады. 
2. Қорықтың табиғи ресурстары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгi болып табылады. 
Мемлекет меншiгiндегi қорық жерiне құқықтық ашықтан-ашық немесе жасырын түрде бұзу әрекеттерiне тыйым салынады. 
3. Мемлекеттiк қорықтардың жер, жер қойнауы, суы, табиғи ресурстары мен объектiлерi шаруашылық пайдаланымынан алынады да қорықтардың иелiгiне бiржолата берiледi. Олар табиғатты қорғау мақсатындағы жерлерге жатады, оны қандай да бiр мемлекеттiк, жеке және қоғамдық мұқтаж үшiн пайдалануға немесе жалға беруге болмайды. 
Мемлекеттiк қорықтар жер мен басқа да табиғи ресурстар үшiн төлемдерден босатылады. 
4. Биосфералық топқа жатқызылатын қорықтар кең ауқымды экологиялық мониторингті жүзеге асыратын биосфералық резерваттардың халықаралық жүйесiне кiредi. 
5. Мемлекеттiк қорықтар заңды ұйымдар болып табылады. Олардың ғылыми-зерттеу институтының филиалы санатына теңестiрiлген табиғатты қорғау жөнiндегi ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мәртебесi болады, олар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылады және дербес баланста тұрады, олардың Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленiп, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады, олар Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде шоттар, соның iшiнде валюталық шоттар да ашады. 
6. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен перспективаларын, жерге орналастыру, аудандық жоспарлау сызбаларын, табиғатты қорғаудың кешендi сызбаларын әзiрлеу кезiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретiнде мемлекеттiк қорықтар ескерiлетiн болады. 
7. Мемлекеттiк қорықтар өздерiнiң өкiлдiктерi жүретiн аймақтағы (Аймақтық жүйедегi) табиғатты қорғаудың ғылыми-әдiстемелiк орталықтары болып табылады. Олардың қарамағында, соның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер ретiнде қорық шекарасынан тысқары орналасқан қорғалатын табиғи аумақтың өзге де түрлерi (қорғалымдар, табиғи ескерткiштер және басқалары) болуы мүмкiн. 
8. Негiзгi аумақта қорықтық режимдi қамтамасыз ету, қорғалатын экологиялық жүйеге шаруашылық қызметiнiң залалын азайту мақсатында қорық аумағын айналдыра енi кемiнде екi километрге созылатын күзет аймағы құрылады. Қорғалатын аймақтың аумағы негiзгi жер пайдаланушылардан қайтарылып алынбайды. 
Қорғалатын аймақ маңында табиғи объектiлер мен қорық кешендерiне зияны тиетiн шаруашылық және өзге де қызмет атқаруға тыйым салынады. 
9. Күзетiлетiн және соған шектес экологиялық жүйесiн сақтау мен қалпына келтiру, аймақты экологиялық тепе-теңдiкте ұстау, табиғи кешендердiң жаратылыстық даму заңдылықтарын айқындау, табиғатты қорғау мен оны ұтымды пайдаланудың негiздерiн жасау мемлекеттiк қорықтардың негiзгi функциялары болып табылады. 
10. Мемлекеттiк қорықтардың орындауына мынадай мiндеттер: 
қорықтың аумағын (акваторияны қосқанда) әрi оның күзетiлетiн аймағын қорғауды және белгiленген қорық режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету; 
қорықтың штатындағы қызметкерлермен және республиканың ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу; 
қорық iсiнiң негiздерiн, экологиялық бiлiмдердi, табиғи ресурстарды қорғау мен ұтымды пайдалану проблемаларын насихаттау, табиғатты қорғау мен қорық iсi саласына ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлауға жәрдемдесу; 
экологиялық сараптамаға, сол аймақтағы табиғатты пайдаланудың қолайлы режимiн белгiлеуге қатысу; 
Полная версия
ИС BestProfi