1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi ұсынған "Жамбыл облысын газбен жабдықтау бағдарламасы" мақұлдансын.
Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2008
Жамбыл облысын газбен жабдықтау бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 27 шiлде 1994 ж N 839
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 04.05.2008 № 406 Қаулысымен. (27.07.1994 жылғы редакцияны қараңыз)
Республиканың оңтүстiк өңiрiн газбен жабдықтауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiгiмен бiрлесiп, Жамбыл облысында газ кендерiн, оның iшiнде Айрықты, Анабай, Солтүстiк Үшарал, Үшарал, Кемпiртөбе газ кендерiн "Досбол" бiрлескен кәсiпорнымен бiрге барлау, игеру және өндiру үшiн халықаралық тендер өткiзсiн, сондай-ақ газ кендерiн iздеу объектiлерiн анықтасын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Жамбыл облысындағы газ кен орындарын барлау, игеру және өндiру жөнiндегi жобаны жүзеге асыру үшiн валюта қаражатын тарту туралы мәселенi сырт инвесторларымен бiрге пысықтасын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы
Шет ел инвесторлары жөнiндегi Ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен және Жамбыл облысының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, Амангелдi газ кен орнын "Досбол" бiрлескен кәсiпорнының күшiмен игеру және пайдалануға беру жобасын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Шетелдiк кредиттер комиссиясының қарауына енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Полная версия