Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.02.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже; 
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Комитеттiң төрағасына үш, оның iшiнде бip бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 шілдедегi N 930  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат) 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1114 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде республикалық меншiк, жекешелендiру объектiлерiн басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi салаларында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады. 
Комитеттің негiзгi мiндеттерi мыналар: 
республикалық меншiк және жекешелендiру объектiлерiн басқарудың мемлекеттiк саясатын iске асыру; 
республикалық меншiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтарын iске асыру; 
заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiк объектілерiнiң мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылау; 
Полная версия
ИС BestProfi