Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 847 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы  № 361 Бұйрығын қараңыз
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 22 шілдедегі
 № 847 қаулысымен
 бекітілген
Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасы
1. Осы Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзу тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағида порттар мен олардың акваториялары аумақтарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ порттарға кіретін және олардан шығатын, порт акваториясы шегінде жүзетін және тұратын кемелерге қолданылады.
Қазақстан Республикасының порттарына шетел кемелерінің кіруі және оларға қызмет көрсету халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу тәртібі
§ 1. Кеменің жақын келуі туралы ақпарат
4. Кеменің межелі портқа жақындауы туралы ақпаратты кеме капитаны Қазақстан Республикасының портына келу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – Аумақтық бөлімше) береді.
5. Жақындау туралы ақпарат 12 сағат бұрын хабарланады және жақындауға дейін 4 сағат қалғанда нақтыланады. Өтудің ұзақтығы кемінде 12 сағат болғанда – кеменің жөнелту портынан шыққанынан кейін 2 сағат шегінде. Балық аулау кәсіптік флоты кемелерінің капитандары кәсіпті бітіру уақытын, сондай-ақ портқа жақындау уақытын 12 сағаттан кешіктірмей хабарлайды.
6. Кеме капитаны жақындау туралы ақпаратта мынадай деректерді:
1) кеменің атауын, оның туын, иесінің атауын;
2) жөнелту портын (соңғы кіру порты, кәсіп жасау ауданы, бұрғылау қондырғысы);
Полная версия
ИС BestProfi