Редакция 18.02.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Внимание! Документ утратил силу с 17.09.2013
Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы N 191-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4379
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В.Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы
2006 жылғы 18 тамыз
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
2006 жылғы 18 тамыз
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар министрі
2006 жылғы 29 тамыз
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасының міндетін атқарушы
2006 жылғы 18 тамыз
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы N 191-НҚ бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын ұсынудың, қараудың, бекітудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) құзыретті орган - мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган, ал су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін - жергілікті атқарушы органдар;
3) өтінім - табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы ресми өтініші.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімді ұсыну және қабылдау
4. Табиғи монополиялар субъектісі (бұдан әрі - Субъект) уәкілетті органға нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімді ұсынады.
5. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімге:
1) нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі;
2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының ұсынылатын деңгейі;
3) ұсынылған нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының (нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының тиісті есептері) негіздемесі;
4) өзіне қамтитын:
нормативтік техникалық ысыраптар үшін - нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ысыраптардың ағымдағы кезең және өткен екі жыл ішіндегі нақты шамасы;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары үшін - шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының бекітілген техникалық және технологиялық нормалары және ағымдағы кезең және өткен екі жыл ішіндегі шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының нақты шамасы деректерінің жиынтық кестесі;
5) нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба қоса беріледі.
6. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының жиынтық кестесін уәкілетті органға екі данада ұсынады.
7. Нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының жиынтық кестесі бірыңғай қаріппен басылуға (мөлшері N 14 "Times New Roman" қарпі пайдаланылады), нөмірленуге, Субъектінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қоюға тиіс.
8. Есептердің және негіздеуші материалдардың өтініміне берілетін әрбір бетіне Субъектінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қоюға тиіс.
9. алынып тасталды Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10. Уәкілетті орган қосымша ақпарат сұратуға, қызметтің ұқсас түрімен айналысатын Субъектілердің нормативтік техникалық ысыраптарына, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларына салыстырмалы талдау жүргізуге құқылы. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі сұратып отырған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Субъекті уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде талап етілген ақпаратты ұсынбаған немесе оларды толық емес көлемде ұсынған жағдайда, уәкілетті орган нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының мәлімделген шамаларын ескермеуге құқылы.
11. Субъект уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде сұратып отырған ақпаратты ұсынады, бірақ ол бес жұмыс күннен аспауға тиіс.
12. Уәкілетті орган өтінім алған күнінен бастап бес жұмыс күннің ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және Субъектіні бас тартудың себептерін келтіре отырып, өтінімді қарауға қабылдағаны немесе өтінімді қараудан бас тартқаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс.
13. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартудың негізі:
1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды және ақпаратты ұсынбау немесе оларды толық емес көлемде ұсыну;
2) осы Ереженің 6, 7, 8-тармақтарының талаптарын бұза отырып, құжаттарды ұсыну;
3) шынайы емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.
14. Осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқан кезде, Субъект бас тартқан сәттен бастап отыз күн өткеннен кейін өтініммен уәкілетті органға өтініш жасай алады.
3. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімді қарау
15. Өтінімді уәкілетті орган осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген қажетті материалдарды ұсынған кезде отыз күн ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.
16. Субъектінің нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге берген өтінімін қарау кезінде уәкілетті орган депутаттарды, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және Субъектілерді тарта отырып өткізеді. Бұл ретте тыңдау нормативтік құқықтық ысыраптарды бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін он бес күннен кешіктірмей өткізіледі.
17. Уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарында алда болатын тыңдау туралы оны өткізгенге дейін бес күннен кешіктірмей тыңдаулар өтетін күні мен орнын және талқылау тақырыбын көрсете отырып, хабарландыру жариялайды.
18. Тыңдаулар өткізу туралы ақпаратты жариялағаннан кейін Субъект тыңдауларға қатысушылардың талаптары бойынша нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейін және олар бойынша қажетті ақпаратты ұсынады.
19. Тыңдау уәкілетті орган айқындаған үй-жайда өткізіледі. Тыңдау өткізу үшін уәкілетті органның қызметкерлерінің ішінен тыңдаудың төрағасы (бұдан әрі - төраға) тағайындалады. Төраға уәкілетті органның қызметкерлерінің ішінен хаттама жазатын тыңдаудың хатшысын тағайындайды.
20. Төраға тағайындалған уақытта тыңдауды ашады, олардың мақсаты мен күн тәртібін жария етеді. Төраға қатысушыларды тыңдаудың регламентімен, өтініммен және Субъектінің нормативтік техникалық ысыраптарының ұсынылатын деңгейі бойынша шешімнің жобасымен таныстырады.
21. Тыңдауда Субъект нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылып отырған деңгейін егжей-тегжейлі түсіндіреді және негіздейді.
22. Тыңдауда қатысушылардың айтылған пікірлері ұсыным сипатта болады және оларды уәкілетті орган мәліметке қабылдайды. Тыңдаудың нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
23. Уәкілетті орган Субъект ұсынған материалдарға және есептерге талдау жүргізудің негізінде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылып отырған деңгейіне сараптама жүргізеді, ал қажет болған жағдайда, қызметтің ұқсас түрімен айналысатын Субъектілер қызметінің көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізеді.
24. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылып отырған деңгейіне тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды, қоғамдық бірлестіктерді, өтінім берген Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.
Бұл ретте электр және жылу энергиясы саласына сараптаманы сараптама жүргізуге құзыретті органның тиісті рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.
25. Уәкілетті орган жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту не бекітуден тас тарту туралы шешім қабылдайды. Нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылып отырған деңгейін бекітуден бас тартқан жағдайда Субъектіге дәлелді қорытынды жолданды.
26. Уәкілетті органның нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
4. Қорытынды ережелер
27. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімдерді мына мерзімдерде:
нормативтік техникалық ысыраптар бойынша - жыл сайын;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары бойынша - кем дегенде үш жылда ұсынады.
Субъекті тарифінің (бағасының, алым ставкасының) шекті деңгейін бекіткен кезде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының қолданыс мерзімі инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңіне сүйене отырып, айқындалады.
28. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын уәкілетті орган Субъектінің ұйымдастыру-техникалық жағдайлары (озық технологияны, механизацияны, өндірістік процестердің авоматизациясын енгізу, материалдардың, шикізаттың, отынның жаңа түрлерін пайдалану) өзгерген, өндірістің ерекшелігі мен құрылымы өзгерген жағдайда, сондай-ақ Субъектіні тексерулердің, сарапшылар қорытындыларының немесе ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының нақты шамаларының нәтижелері бойынша қайта қарай алады.
Полная версия