Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2012
Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы N 520 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4946 болып енгізілді.
Бұйрықтың күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.07.2012 № 514 Бұйрығымен (10.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз.
Редакция 10.04.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 38-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдеріне өтуі жөніндегі іс-шараларының жоспарына сәйкес және медициналық ұйымдардағы туу, қайтыс болу және перинаталдық өлімді растайтын бастапқы медициналық құжаттардың жүргізілуін тәртіпке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1) "Туу туралы медициналық куәлік" N 103/у-07, "Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік" N 106/у-07, "Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік" N 106-2/у-07 бастапқы медициналық құжаттамасының есептік нысандары ( 1-қосымша ); 
2) туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттаманы толтыру және беру жөніндегі нұсқаулық ( 2-қосымша ) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшылары меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдарда туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттаманың есептік нысандарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізуді назарға алсын және қамтамасыз етсін.
3. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2505 тіркелген) 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 664 және "Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 664 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2505 тіркелген), (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2677 тіркелген және 2003 жылғы 25 қазандағы N 43 (148) "Официальная газетада" жарияланған) 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 03 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi