Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.05.2000
Жоғары офицерлiк және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тiзбесi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 8 мамыр N 2984.
Жоғары офицерлiк және басшы құрамның әскери және арнаулы атақтарын берудi реттеу мақсатында қаулы етемiн: 
1. Жоғары офицерлiк және басшы құрамның адамдары атқаруға тиiстi лауазымдар тiзбесi N 1-11 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн. 
2. Жоғары офицерлiк және басшы құрамның әскери және арнаулы атақтары жылына екi рет: Республика күнiне және Жеңiс күнiнен берiледi деп белгiленсiн. 
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жоғары офицер құрамындағы адамдар атқаруға жататын лауазымдардың тiзбесiн бекiту туралы" 1993 жылғы 23 қыркүйектегi N 1351 қаулысы; 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы ереженi бекiту, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын анықтау және санын белгiлеу туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығының VI бөлiмi;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Күзет қызметi туралы ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы
3 қаңтардағы N 2742 Жарлығының 15-тармағы.
     4. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз актiлерiн осы Жарлыққа
сәйкес келтiрсiн.
     5. Осы жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                        N 1 Қосымша
          Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
          жоғары офицерлiк құрамының адамдары атқаруға
                   тиiс лауазымдар тiзбесi
     Министр                             - армия генералы
     Министрдiң бiрiншi орынбасары       - генерал-полковник
     Министрдiң орынбасары               - генерал-лейтенант
     Қарулы Күштер түрiнiң Қолбасшысы    - генерал-лейтенант,
                                           вице-адмирал
     Армия корпусының командирi          - генерал-лейтенант
     Бас басқарма бастығы                 - генерал-майор,
                                           генерал-лейтенант
     Дербес басқарманың, тыл және
     қару-жарақ басқармалары
     штабының бастығы                    - генерал-майор
     Қарулы Күштер түрi Қолбасшысының
     орынбасары                          - генерал-майор
     Әскери училище бастығы              - генерал-майор
     Армия корпусы командирiнiң          - полковник,
     орынбасары                            генерал-майор
     Дивизия, мотоатқыштар               - полковник
     әскерлерiнiң оқу орталығы мен         генерал-майор,
     қару-жарақ пен техниканы сақтау       I дәрежелi капитан,
     базасының, авиациялық және             контр-адмирал
     әскери-теңiз базасының командирi
     
     
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                         N 2 Қосымша
          Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
        комитетiнiң жоғары офицерлiк құрамының адамдары
            атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Комитет төрағасы                     - генерал-полковник
     Төрағаның орынбасары                 - генерал-майор,
                                          - генерал-лейтенант
     Бас басқарманың бастығы              - генерал-майор
     "Арыстан" қызметiнiң бастығы         - генерал-майор
     Институт бастығы                     - генерал-майор
     Қазақстан Республикасы ҰҚК-ның       - генерал-майор
     Ресей Федерациясы Федералдық
     қауiпсiздiк қызметi және сыртқы
     барлау қызметi жөнiндегi
     ресми өкiлi
     облыстар бойынша басқармалардың      - полковник,
     бастықтары                             генерал-майор
     
     
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                         N 3 Қосымша
          Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу
        комитетiнiң жоғары басшы құрамының адамдары
            атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Комитет төрағасы                 - әдiлет генерал-полковнигi
     Төрағаның орынбасары             - әдiлет генерал-майоры,
                                        генерал-лейтенанты
     Бас басқарманың бастығы          - әдiлет генерал-майор
     Алматы қаласы бойынша Бас        - әдiлет полковнигi,
     Басқарманың бастығы, облыстық      генерал-майоры
     және көлiктегi басқармалар
     бастықтары
     Жоғары оқу орнының бастығы       - әдiлет генерал-майоры
     ТМД аумағында ұйымдасқан         - әдiлет генерал-майоры
     қылмысқа және қылмыстың өзге
     де қауiптi түрлерiне қарсы
     күрестi үйлестiру жөнiндегi
     бюроның бас инспекторы -
     өкiлеттi өкiл
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                          N 4 Қосымша
               Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
          министрлiгiнiң жоғары офицерлiк құрамының адамдары
                 атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Министр - Қазақстан Республикасының    -  генерал-полковник
     Iшкi әскерлерiнiң қолбасшысы
     Министрдiң орынбасары                  - милиция, iшкi қызмет
                                              генерал-майоры,
                                              генерал-лейтенанты
     Iшкi әскерлер Қолбасшысының            - генерал-майор,
     бiрiншi орынбасары                       генерал-лейтенант
     Бас басқарманың бастығы                 - милиция,iшкi қызмет
                                              генерал-майоры
     Алматы қаласы бойынша                  - милиция, iшкi қызмет
     Бас басқарманың бастығы,                 полковнигi,
     облыстық басқармалардың,                 генерал-майоры
     көлiктегi басқармалардың
     бастықтары
     Жоғары оқу орнының бастығы             - милиция, iшкi қызмет
                                              генерал-майоры
     Арнаулы орта оқу орнының               - милиция, iшкi қызмет
     (колледждiң) бастығы                     полковнигi,
                                              генерал-майоры
     Iшкi әскерлер Қолбасшысының            - генерал-майор
     орынбасары
     Бригада (құраманың) командирi          - генерал-майор
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                          N 5 Қосымша
        Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекара күзетi
        жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жоғары офицерлiк
        құрамының адамдары атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Комитет төрағасы                  - генерал-полковник
     Комитет төрағасының               - генерал-майор,
     орынбасары                          генерал-лейтенант
     Штаб бастығының бiрiншi           - генерал-майор
     орынбасары
     Ресей Федерациясындағы Қазақстан  - генерал-майор,
     Республикасы шекара әскерлерi     - генерал-лейтенант
     жедел тобының бастығы
     Шекара әскерлерi әскери           - генерал-майор
     институтының бастығы
     Бас (жетекшi) Басқарманың         - полковник,
     бастығы                             генерал-майор
     Штаб бастығының орынбасары -      - полковник,
     Шекаралық бақылау басқармасының     генерал-майор
     бастығы
     Шекара отрядының (құраманың       - полковник,
     командирi) бастығы                  генерал-майор
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                         N 6 Қосымша
           Қазақстан Республикасы Президентi Күзет
        қызметiнiң жоғары офицерлiк құрамының адамдары
            атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Қазақстан Республикасы Президентi       - генерал-лейтенант
     Күзет қызметiнiң бастығы -
     

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң    - генерал-майор
     Күзет қызметi бастығының бiрiншi
     орынбасары
     Қазақстан Республикасы Президентiнiң    - генерал-майор

  
     Күзет қызметi бастығының орынбасары -
     
     Қазақстан Республикасы Президентiнiң    - генерал-майор
     Күзет қызметi бiрiншi бөлiмiнiң
     бастығы
      6-қосымшадан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң
              1997.03.05. N 3396 жарлығымен.  

 
 
      6-қосымшадан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң
              1997.05.21. N 3512 жарлығымен.  

 
  
     
     
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                         N 7 Қосымша
          Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның
             жоғары офицерлiк құрамының адамдары
               атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Республикалық ұлан Қолбасшысының       - генерал-майор
     бiрiншi орынбасары -
     

      7-қосымшадан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң
              1997.03.05. N 3396 жарлығымен.  

 
 
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                        N 8 Қосымша
            Қазақстан Республикасы әскери соттары
             жоғары офицерлiк құрамының адамдары
              атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты    - әдiлет
     әскери алқасының төрағасы                генерал-майоры
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                         N 9 Қосымша
          Қазақстан Республикасының әскери прокуратура
        органдарының жоғары офицерлiк құрамының адамдары
            атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Қазақстан Республикасы                  - әдiлет
     әскерлерiнiң әскери прокуроры             генерал-майоры
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                       N 2984 Жарлығына
                                        N 10 Қосымша
            Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
        жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жоғары офицерлiк
        құрамының адамдары атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Комитет Төрағасының                   - генерал-майор
     әскери мәселелер жөнiндегi
     орынбасары
                                    Қазақстан Республикасы
                                       Президентiнiң
                                    1996 жылғы 8 мамырдағы
                                      N 2984 Жарлығына
                                        N 11 Қосымша
            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
          Салық полициясы Басқармасының жоғары басшы
        құрамының адамдары атқаруға тиiс лауазымдар тiзбесi
     Салық полициясы басқармасының      - салық полициясының
     бастығы                              генерал-майоры 
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi