Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысы
Редакция 24.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 84-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 320 Қаулысына сәйкес (18.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды шетелдiктерге асырап алуға беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қарашадағы № 1197 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 40, 407-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 30 наурыздағы
 № 380 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды  асырап алуға беру қағидалары
Қағидалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Үкіметінің 18.03.2020 жылғы № 123
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 84-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.10.2016 жылғы № 614 Қаулысымен (10.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 320 Қаулысына сәйкес (18.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (бұдан әрі – балалар) азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан туыстарына асырап алуға беру;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға беру;
3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде (бұдан әрі — Республикалық деректер банкі) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған (бұдан әрі — орталықтандырылған есепке алу) балаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге асырап алуға беру тәртібін айқындайды.
2. Тууы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген кәмелетке толмаған балаларға қатысты олардың толық тән саулығын, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын, тәрбиеленуі мен білім алуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріліп, баланың мүддесінде ғана асырап алуға жол беріледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 320 Қаулысына сәйкес (18.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл ретте баланың жасы, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі, сондай-ақ оның ұлты, белгілі бір дін мен мәдениетті ұстанатыны, ана тілі, тәрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.
2-1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге олардың туыстарының басым құқығы болады.
1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 320 Қаулысына сәйкес (өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 320 Қаулысымен (18.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) баладан бас тартқан;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.10.2016 жылғы № 614 Қаулысына сәйкес (10.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2016 жылы № 211 (28937) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi