Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.03.2012
Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 9 қыркүйек N 1346
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 389 Қаулысымен (15.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 15.04.2002 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы  заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:  
1) Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы ереже;  
3) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.  
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:  
1) "Қазақ КСР-інің қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1970 жылғы 27 ақпандағы N 136 қаулысы (Қаз КСР ҚЖ, 1970 ж., N 4, 20 құжат);  
2) "Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1970 жылғы 27 ақпандағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар ендіру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 мамырдағы N 521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 22, 227-құжат).  
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және баспасөзде жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1999 жылғы 9 қыркүйектегi
 N 1346 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының қорғаншылық және 
 қамқоршылық органдары туралы 
 Ереже 
 
1. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық:  
1) ата-анасының қайтыс болуының, оларды ата-аналық құқықтарынан айырудың, шектеудiң, ата-анасын әрекетке қабiлетсiз деп танудың, ата-анасының науқастығының, ата-анасының ұзақ уақыт болмауының, ата-анасының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруының, оның iшiнде ата-анасының балаларын тәрбиелеу, емдеу және басқа да осындай мекемелерден алудан бас тартуының салдарынан, сондай-ақ ата-аналық қамқорлық болмаған өзге де жағдайларда балаларды орналастыру, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында;  
2) әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн белгiленедi.  
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленген адамның басқа жерде мүлкi болса, онда осы мүлiктi басқару үшiн қорғаншылық және қамқоршылық органдар оның орналасқан жерi бойынша қорғаншылық тағайындай алады.  
Полная версия
ИС BestProfi