1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі — Іс-қимыл жоспары) мақұлдансын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 Қаулысы
Редакция 13.10.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Елдің экономикасы мен қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі екі апта мерзімде Іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары Іс-қимыл жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары Мазмұны
Кіріспе
2007 - 2008 жылдары қабылданған шаралар
Жоспардың мақсаты мен бағыты
Қаржы секторын тұрақтандыру
Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу
Шағын және орта бизнесті қолдау
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Қорытынды
Полная версия