Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5494 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 6 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрінің 21.02.2018 ж. № 260 Бұйрығына сәйкес
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 19.12.2014 жылғы № 574 Бұйрығымен (26.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
2. Салық қызметі органдары, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталған күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі жөніндегі қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.03.2012 жылғы № 146 Бұйрығымен (30.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келімшарттарға қатысты есепке алу нөмірін беру немесе мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге;
Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банк шоттарын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге.
Сұрау салуды жіберу кезінде: салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі тіркеу нөмірі (СТН) және заңды тұлғалар және құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы бойынша (КҰЖС) коды, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), келісімшарттың нөмірі және күні, сұрау салынған кезең, нұсқамалардың тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі. Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сол сияқты келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспорттарының нөмірі және күні көрсетіледі.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аймақтық бөлімшелеріне (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктер осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша валюталық түсiмнің түсуі туралы қорытындыны сұрау салуды жолдаған Салық қызметі органына, сұрау салуды алғаннан бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
3-1. Осы бұйрықтың 1-3-тармақтарының ережелері өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырып жүрген салық төлеушілерге қолданылмайды, олар үшін валютаның түсімнің түсуі туралы қорытынды салық төлеуші салық қызметі органдарына ұсынған, өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері болып табылады.
3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 07.06.2012 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.