Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2017
Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 55 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 5 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5231 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 21 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.09.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 331-бабының 4-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдік пен кепілдемелерді беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2008 жылғы 28 сәуірдегі
 N 55 қаулысымен
 бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесі
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық  кодексіне (Жалпы бөлім), "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі  Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беруіне талаптарды белгілейді.
2. Банктің банктік кепілдік пен кепілдемені беруі осы Ереженің, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың, ішкі кредиттік саясат туралы ереженің және банктің директорлар кеңесі бекіткен операцияларды жүргізудің жалпы талаптарын айқындайтын ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Банктің банктік кепілдік пен кепілдемені беруі мынадай талаптарды орындағанда жүргізіледі:
1) банкте "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заңының 30-бабының 2-тармағының 15), 16) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия бар болу;
2) тұлға-борышкердің банктің көрсетілген мәліметтерді кредиттік бюроларға бұдан кейін беруімен, өзі туралы және берілген банктік кепілдік пен кепілдеме жөніндегі мәліметтерді кредиттік бюроның деректер базасына ұсынуына жазбаша келісімі бар болу.
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 26.09.2009 № 212 Қаулысымен. (28.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы Ереженің мақсатында банктің банктік кепілдік немесе кепілдемені беруі, сондай-ақ банктік кепілдік пен кепілдеме бойынша міндеттемелерді орындау бойынша талаптарды қойғаны, оларды жазбаша түрде ресімдеуді көздейді.
5. Банктік кепілдік немесе кепілдеме шартында мыналар болуы тиіс: 
1) заңды тұлға-борышкердің атауы немесе банк банктік кепілдікті немесе кепілдемені тапсырмасы бойынша берген жеке тұлға-борышкердің тегі, аты (бар болса - әкесінің аты); 
2) борышкердің заңды тұлға-кредиторының атауы немесе банк банктік кепілдікті немесе кепілдемені пайдасына берген жеке тұлға-кредитордың тегі, аты (бар болса - әкесінің аты); 
3) банктік кепілдікті немесе кепілдемені берген банктің атауы; 
4) банктік кепілдік немесе кепілдеме шартының нөмірі мен күні және банктік кепілдікті немесе кепілдемені беру қажеттілігі көзделген құжаттың(ардың) нөмірі мен күні; 
5) егер өзгелері банктік кепілдік немесе кепілдеме шартында белгіленбеген болса, банктік кепілдік немесе кепілдеме шарты бойынша төленуге жататын барынша жоғарғы ақша сомасы; 
6) егер өзгелері банктік кепілдік немесе кепілдеме шартында белгіленбеген болса, берілген банктік кепілдік немесе кепілдеме бойынша қамтамасыз ету әдістері; 
7) банктік кепілдік немесе кепілдеме берілген мерзімі немесе егер өзгелері банктік кепілдік немесе кепілдеме шартында белгіленбеген болса, банктік кепілдік немесе кепілдемені берген банктің міндеттемесі ол басталғанда тоқтатылатын жағдай (оқиға) (банктік кепілдік немесе кепілдеменің қолданыс мерзімі); 
8) берілген банктік кепілдік немесе кепілдеме бойынша банктің жауапкершілігі (төлемді жүзеге асыру) басталатын талаптар.
6. Міндеттемеге қатысатын тараптар құрамына байланысты банк борышкердің тапсырмасы және оның есебінен кепілгер алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін борышкердің кредиторының пайдасына банктік кепілдікті берген басқа банк-кепілгер пайдасына банктік қарсы кепілдікті (бұдан әрі - қарсы кепілдік) беруі мүмкін.
7. Банктің қарсы кепілдік шартында мыналар болуы тиіс:
1) заңды тұлға-борышкердің атауы немесе банк банктік қарсы кепілдікті тапсырмасы бойынша берген жеке тұлға-борышкердің тегі, аты (бар болса - әкесінің аты);
2) кепілгер-банк пайдасына банктік қарсы кепілдігін берген банктің атауы;
3) борышкердің тапсырмасы бойынша пайдасына банк банктік қарсы кепілдігін берген кепілгер-банктің атауы;
4) борышкердің заңды тұлға-кредиторының атауы немесе кепілгер-банк банктік кепілдікті пайдасына берген жеке тұлға-кредитордың тегі, аты (бар болса - әкесінің аты);
5) банктік қарсы кепілдік шартының нөмірі мен күні және банктік қарсы кепілдікті беру қажеттілігі көзделген құжаттың (ардың) нөмірі мен күні;
6) егер өзгелері банктік қарсы кепілдік шартында белгіленбеген болса, банктік қарсы кепілдік шарты бойынша төленуге жататын барынша жоғарғы ақша сомасы;
7) егер өзгелері банктік қарсы кепілдік шартында белгіленбеген болса, берілген банктік қарсы кепілдігі бойынша қамтамасыз ету әдістері;
8) банктік қарсы кепілдікті берудің мерзімі немесе егер өзгелері банктік қарсы кепілдік шартында белгіленбеген болса, банктік қарсы кепілдікті берген банктің міндеттемесі ол басталғанда тоқтатылатын жағдай (оқиға) (банктік қарсы кепілдіктің қолданыс мерзімі);
9) берілген банктік қарсы кепілдік бойынша банктің жауапкершілігі (төлемді жүзеге асыру) басталатын талаптар.
Полная версия
ИС BestProfi