Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2026
Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6402 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 01.02.2012 № 36 Бұйрығымен. (06.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 16.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 217-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.12.2015 жылғы № 775 Бұйрығына сәйкес (24.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін концессиялық жобаның, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптары бекітілсін.
2. «Бюджеттік инвестициялық жобаның және республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 наурыздағы № 30 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5593 болып тіркелген).
3. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) мен Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің         міндетін атқарушы                          Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасы
 Экономикалық даму және сауда
 Министрдің міндетін атқарушының
 2010 жылғы 6 тамыздағы
 № 136 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар
Талаптар жаңа редакцияда ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 01.02.2012 № 36 Бұйрығымен. (06.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 217-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Талаптар мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестицялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – инвестицялық жобаның ТЭН) әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамлар жүргізу кезінде сақталуы міндетті болып табылады.
3. Талаптарда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) инвестициялық жобаның ТЭН - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру тиімділігін негіздейтін қаржылық шешімдерді, инвестициялық жобаның қауіптерін және оларды азайту жөніндегі шараларды бағалау, сондай-ақ жобаны іске асыру барысында оның тұтастай алғанда экономика мен оның салаларына әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
2) инвестициялық жоба ТЭН-інің экономикалық сараптамасы - жобаны іске асыру тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық және қаржылық талдауды бағалау.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаның ТЭН-і Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіште:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.12.2015 жылғы № 775 Бұйрығына сәйкес (24.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.05.2024 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (21.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) автомобиль жолының ақауларын алдын алу және жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапасын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені жөніндегі инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – автомобиль жолын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жоба) қоспағанда, егер жоба бойынша құрылыс (құрылыс-монтаж) жұмыстарын жүргізу болжанған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 39-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға (бұдан әрі – Заңды тұлға) жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
Полная версия
ИС BestProfi