Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.09.2009
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 мамырдағы N 1579 Жарлығы        Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі  123-бабының  3-тармағына сәйкес   ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
Күші жойылды ҚР Президентінің 16.09.2009 № 871 Жарлығымен (28.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2009. бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 469-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесінде: 
7-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: 
"жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңге арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы; 
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелердің сомасы;";
8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын: 
"есепті қаржы жылына арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы; 
есепті қаржы жылында орындалмаған міндеттемелердің сомасы;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi