Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысы
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2005. № 170 қаулысымен. (04.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру әрі нашақорлықтың алдын алу және есiрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2005. № 170 қаулысымен. (04.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекетті ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 362-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 496 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 220-құжат).