«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 178 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес "Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.03.2015 жылғы № 233 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса берiліп отырған «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 178 қаулысымен бекітілген
«Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) санаториялық және сауықтыру объектілерін жобалау, салу, сумен жабдықтау, су бұру, жарықтандыру, желдету, үй-жайларын күтіп-ұстау және пайдалану, емдік-профилактикалық және қоғамдық тамақтануды, медициналық қамтамасыз етуді, персоналдың тұру және еңбек жағдайларын ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) аэрарий – ауа ванналарын қабылдау үшін жабдықталған алаң, қалқа;
2) сауықтыру объектілері – 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін оқу-тәрбиелеу, дене шынықтыру-сауықтыру, емдеу-сауықтыру қызметін және мәдени бос уақыттарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымдар балалар сауықтыру ұйымдары (бұдан әрі – БСҰ), оның ішінде жалпы, орта және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жыл бойы жұмыс істейтін БСҰ;
3) бракераж – тамақ өнімдері мен дайын тамақтардың сапасын органолептикалық көрсеткіштері бойынша бағалау;
4) Генча сынамасы – тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын бағалайтын көрсеткіш;
5) дезинфекциялық және дезинсекциялық құралдар – инфекциялық (паразиттік) аурулардың қоздырғыштарын және жәндіктерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар;
6) инсоляция – алаңды, үй-жайды, ғимаратты гигиеналық бағалауға арналған күн радиациясының нормаланатын көрсеткіші;
7) Кетле индексі – баланың дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші;
8) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;
9) санаториялық объектілер – табиғи емдік физикалық факторларды (климат, минералды сулар, балшықтар), физиотерапиялық әдістерді, емдік дене шынықтыру мен басқа да жағдайларды басым пайдалана отырып, белгіленген режимді сақтау кезіндегі, профилактикалық, медициналық оңалтуға және демалуға арналған туберкулезге қарсы мекемелер, оның ішінде алғанда емдеу-профилактикалық мекемелер (бұдан әрі – санаторийлер);
Полная версия