Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2014
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 988 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 08.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 04.05.2014 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 118-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 988 қаулысымен
бекітілген
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтері
 
Р/с
Әрекет Есеп бірлігі Тарифтер (АЕК)
1 Қаулылар шығару 1 атқарушылық іс жүргізу 0,6
2 Ұсыныстар шығару 1 атқарушылық іс жүргізу 0,1
3 Борышкер туралы ақпаратты анықтау 1 атқарушылық іс жүргізу 0,9
4 Тараптарды хабардар ету 1 атқарушылық іс жүргізу 0,8
Ескертпе: бір атқарушылық іс жүргізу бойынша шығарылуға тиіс қаулылардың немесе ұсыныстардың жиынтығы не борышкер туралы айқындалуға тиіс барлық ақпарат не тараптарға жіберілуге тиіс хабарламалар «1 атқарушылық іс жүргізу» есеп бірлігі деп түсініледі.
Полная версия
ИС BestProfi