Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 20.05.2010
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 және 2009 жылғы 10 наурыздағы N 275 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 1123 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 453 Қаулысымен. (14.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 14.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 258-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда министрі;
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы шығарылсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 308 Қаулысымен. (23.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия