Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.10.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 652 Қаулысы
"Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу  ережесi  бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметінің
 2005 жылғы 30 маусымдағы
 N 652 қаулысымен
 бекiтiлген
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесi
1. Осы Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы  Заңына  сәйкес әзiрлендi және экономикалық қызмет түрiн осы экономикалық қызмет түрi бойынша қалыптасқан өндiрiстiк жарақаттану және кәсiби аурулар деңгейiне сәйкес келетін кәсiптік тәуекел сыныбына жатқызу тәртiбiн белгілейдi.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) әкiмшілік-басқару персоналы - бұл басқару аппаратының қызметкерлерi, ұйымның әкiмшілігiне кiретiн және ұйымды басқару функцияларын жүзеге асыратын қызметшiлер; 
2) өндiрiстiк персонал (негiзгi өндiрiстік және қосалқы өндiрiстiк персонал) - негiзгi және екiншi кезектегi (негiзгi емес) қызметтi жүзеге асыратын қызметкерлер. Ұйымның негізгi қызметiнде жұмыс iстейтiн персоналға тiкелей негiзгi өнiм (тауарлар немесе қызметтер) және басқа ұйымдарға сатылуы мүмкiн негiзгi өнiммен қоса шарасыз алынатын жанама өнімнің өндiрiсiнде жұмыс iстейтін қызметкерлер жатады. Ұйымның екiншi кезектегi (негізгі емес) қызметiнде жұмыс iстейтiн персоналына қызметтiң басқа (негiзгiден басқа) түрлерiне жататын жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлер жатады; 
3) көмекшi персонал - негiзгi және екіншi кезектегi (негiзгi емес) қызмет түрлерiн жүргiзу үшiн жағдайды қамтамасыз ететiн  ұйымдардың қызмет көрсететiн өндiрiстерi мен шаруашылықтарында жұмыс iстейтiн қызметкерлер.
2. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу
3. Экономикалық қызмет түрлерi кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай топтар бойынша сараланады.
4. Экономикалық қызмет түрлерiн осы Ережеге қосымшаға сәйкес кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу кәсiптiк тәуекелдiң 22 сыныбын көздейдi.
5. Экономикалық қызмет түрлерi бойынша кәсiптік тәуекел сыныбы кәсiптiк тәуекелдiң келтiрiлген орташа көрсеткiшiнiң шамасымен белгіленедi.
6. Әрбiр экономикалық қызмет түрi бойынша кәсiптiк тәуекелдiң орташа көрсеткiшi белгілi бiр экономикалық қызмет түрi бойынша алдыңғы бес жылдағы кәсiптiк тәуекел көрсеткiштерiнiң арифметикалық орташа сомасы ретiнде есептеледi.
Полная версия
ИС BestProfi