Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1164 Қаулысына сәйкес (29.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1164 Қаулысына сәйкес (29.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2023 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2023 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1164 Қаулысына сәйкес (29.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.07.2010 жылғы № 765 Қаулысымен (12.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1164 Қаулысына сәйкес (29.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2023 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2023 жылдан бастап)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.01.2026 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (22.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 117-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жүргізіледі.
3. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу көрсеткіштерінің тізбесі (бұдан әрі – көрсеткіштер тізбесі) бойынша жүргізіледі.
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлінісінде ішкі өндіріспен қамтамасыз етілу бөлігінде 1-көрсеткішті есептеуді өнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлінісіндегі тауар теңгерімі бөлігінде – сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады, 2, 3-көрсеткіштер бойынша – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының әдіснамалары бойынша, 4-көрсеткіш бойынша – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа немесе фермер қожалықтарында, астық қабылдау пункттері мен элеваторларда, сауда орындарында, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларында негізгі азық-түлік тауарлары қорларын жинақтау арқылы жүзеге асырылады.
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлінісінде ішкі өндіріспен қамтамасыз етілу бөлігінде 1-көрсеткішті есептеуді уәкілетті орган, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлінісіндегі тауар теңгерімі бөлігінде – сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жүргізеді;
6. Уәкілетті орган жыл сайын, жылдың қорытындысы бойынша үшінші тоқсанның соңына дейін өзінің интернет ресурсында 2, 3-көрсеткіштер бойынша деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының қолда бар ресми статистикалық ақпараты негізінде, 1-көрсеткіш бойынша – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлінісінде ішкі өндіріспен қамтамасыз етілу бөлігінде уәкілетті органның деректері негізінде, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлінісіндегі тауар теңгерімі бөлігінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде орналастырады.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша, үшінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей уәкілетті органға 2 және 3-көрсеткіштер бойынша ақпаратты ұсынады немесе оны ашық дереккөздерде жарияланғаны туралы сілтемемен хабардар етеді.
Аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан, шаруа немесе фермер қожалықтарынан, астық қабылдау пункттері мен элеваторлардан, сауда орындарынан 4-көрсеткіш бойынша деректер жинауды жүзеге асырады және жыл сайын, жылдың қорытындысы бойынша үшінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 15 күн бұрын оларды облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар облыстағы (астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы) азық-түлік тауарлары қорларының көлемі туралы ақпаратты үшінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 10 күн бұрын уәкілетті органға ұсынады.
7. Уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторингті жергілікті атқарушы органдардың, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның деректері негізінде, оның ішінде нақты уақыт режимінде жүргізеді.
8. Уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторингті жыл сайын, үшінші тоқсанның соңына дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы көрсеткіштер тізбесі бойынша деректерді өздерінің интернет-ресурстарында жариялағаннан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар азық-түлік тауарлары қорларының болуы туралы деректерді ұсынғаннан кейін жүргізеді.
9. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу негізінде уәкілетті орган жыл сайын, үшінші тоқсанның соңына дейін өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастырады.