1. Тауар биржасы (бұдан былай мәтiн бойынша "биржа" (өзi белгiленген сауда тәртiбi бойынша белгiлi бiр жерде және белгiлi бiр уақытта тұрақты жария көпшiлiк сауда өткiзу жолымен биржалық тауарларды көтерме сату жөнiндегi ұйымдастырушы және реттеушi қызметтi жүзеге асыратын кез келген меншiк нысанына негiзделген, заңды тұлға құқы бар дербес ұйым болып табылады деп белгiленсiн.
Внимание! Документ утратил силу с 07.04.1995
Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 20 наурыз N 1604. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.04.17. N 2172 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және Қазақстан Республикасында тауар биржаларын құру мен олардың жұмыс iстеуiнiң, биржалық сауда жүргiзу мен тауар биржаларының қызметiн мемлекеттiк реттеудiң жалпы құқықтық негiздерiн айқындау мақсатында қаулы етемiн:
2. Биржа - өз мүшелерiне табыс төлеу үшiн пайда алуды мақсат етiп қоймайтын субъект деп саналсын.
3. Биржа өзiне берiлген биржалық лицензияның негiзiнде биржалық тауарларға көтерме сауда жүргiзуге тiкелей байланысты ұйымдастырушылық және реттеушi қызметтi жүзеге асырады деп белгiленсiн. Биржаларға биржалық саудаға тiкелей байланысты емес сауда, сауда-делдалдық және кез-келген өзге қызметтi жүзеге асыруға, қызметi биржалық тауарларды көтерме сату жүргiзуге тiкелей байланысты емес кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың салымдарын жүзеге асыруға, үлесiн (пайын), акцияларын алуға тыйым салынады.
4. Биржа белгiленген тәртiппен биржалық саудаға жiберген, айналымнан алынып тасталмаған белгiлi бiр тектес және сапалы тауар, оның iшiнде аталған тауарға жасалған стандартты контракт пен коносамент биржалық тауар болып табылады деп белгiленсiн. Биржа жария көпшiлiк саудаға шығаратын биржалық тауар нормативтiк құжаттама талаптары мен қолданылып жүрген стандартқа жауап беруге тиiс. Қозғалмайтын мүлiк пен интеллектуальдық меншiк объектiлерi биржалық тауарлар бола алмайды.
5. Биржалық тауарға қатысты биржалық саудаға қатысушылардың биржа тiркеген шарты (келiсiм, контракт) биржалық мәмiле болып табылады деп саналсын. Биржалық мәмiленi тiркеу және рәсiмдеу тәртiбiн биржа белгiлейдi. Биржада жасалған, бiрақ тiркелмеген және белгiленген тәртiппен рәсiмделмеген мәмiлелер жарамсыз деп саналады. Мұндай мәмiлелерге биржаның кепiлдiгi таратылмайды.
6. Биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда барысында:
нақты тауарға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысып-берiсуге;
берiп тұру мерзiмi ұзартылған нақты тауарға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысып-берiсуге (форвардты мәмiлелер);
биржалық тауарды келешек берiп тұруға арналған стандартты контрактыларға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысып-берiсуге (фьючерлiк мәмiлелер);
биржалық тауарға немесе биржалық тауарды берiп тұруға арналған контрактыға қатысты құқықтар мен мiндеттердi келешек алысып-берiсу құқығын беруге (опциондық мәмiлелер);
биржалық сауда ережесiнде белгiленген биржалық тауарға, контрактыға қатысты мәмiлелердi жасаса алады деп белгiленсiн.
7. Тек қана делдалдық фирмалар, делдалдар, дилерлер мен бiр мәрте келушiлер биржалық саудаға қатысушылар болып табылады деп белгiленсiн және оны ұйымдастыру:
клиенттiң атынан және оның есебiнен, клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен (брокерлiк қызмет) биржалық мәмiле жасау;
кейiн биржада қайта сату мақсатымен (дилерлiк қызмет) өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау;
бiр мәрте келушiлермен өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау жолдарымен жүзеге асырылады.
8. Биржаға өз брокерлiк фирмалары мен брокерлiк кеңселерiн ұйымдастыруға тиым салынады, бiрақ ол қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде қызметiне осы Жарлықтың және олар орналасқан ел заңдарының күшi тарайтын өз филиалдары мен басқа да бөлiмшелерiн құруға құқылы. Биржаның лауазымды адамдары тәуелсiз делдал бола алмайды.
9. Биржалар ерiктi түрде және өз мүшелерiнiң келiсiмiмен немесе жалпы жиналысының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiрлескен оның iшiнде бiрлескен саудалар ұйымдастыру жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн биржалық одақтар, қауымдастықтар және басқа бiрлестiктер құра алады деп белгiленсiн.
10. Биржаны заң жүзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынбаған заңды және жеке тұлғалар құра алады және ол Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзiнiң құрылтайшылық құжаттары: биржалық лицензиялар, биржа құрылтайшылары жалпы жиналысының шешiмi мен биржа жарғысы тiркелген күннен бастап заңды тұлға мәртебесiне ие болады деп белгiленсiн.
Полная версия