Близость слов: Окончание:





Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен "Бота" қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын мақұлдау туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 11 маусымдағы N 82-ө Өкімі
Редакция 19.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Ана мен баланың өмір сүру және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, табысы аз отбасыларын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау және Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік-экономикалық қолдау саласында мемлекеттік органдардың "Бота" қоғамдық қорымен өзара іс-қимылын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған қаржыландырылуы "Бота" қоғамдық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен "Бота" қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Жоспар) мақұлдансын. 
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары: 
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындау барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрінің
 2009 жылғы 11 маусымдағы
 N 82-ө өкімімен
 мақұлданған
Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен "Бота" қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары
жоспар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 19.01.2011 № 3-ө Өкімімен (11.06.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
 
Р/с N Іс-шара Аяқтау нысаны Орындалу мерзімі Жауапты орындаушылар
1. "Бота" ҚҚ-ның бағдарламалары туралы толық ақпарат беру Үкіметке ақпарат Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Әділетмині, "Бота" ҚҚ
2. Мына бағыттар бойынша ұсыныстар:
денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту;
медициналық қызметтер алу мүмкіндігін кеңейту;
жаңа медициналық технологияларды қолдау үшін қосымша инвестициялар;
Министрліктің жоспарларымен ықтимал қайталау/қайшылық болған жағдайда түзету
Әділетминіне ақпарат Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін ДСМ, "Бота" ҚҚ
3. Әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту.
Әлеуметтік қызметтер алу мүмкіндіктерін кеңейту
Жаңа әлеуметтік технологияларды қолдау үшін қосымша инвестициялар.
Министрліктің жоспарларымен ықтимал қайталау/қайшылық болған жағдайда түзету
Әділетминіне ақпарат Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Еңбекмині, "Бота" ҚҚ
4. Мектепке дейінгі мекемелердің инфрақұрылымын жақсарту.
Халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаты үшін жоғары білім алуға қол жетімділігін жеңілдету.
Жаңа әлеуметтік технологияларды қолдау үшін қосымша инвестициялар.
Министрліктің жоспарларымен ықтимал қайталау/қайшылық болған жағдайда түзету
Әділетминіне ақпарат Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін БҒМ, "Бота" ҚҚ
5. "Бота" ҚҚ бағдарламалары және кедейлікке қарсы күрес бағдарламасы үшін ақпараттық арналар арқылы эфирде уақыт беру Әділетминіне ақпарат Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін БАМ, "Бота" ҚҚ
6. Халықтың тұрмыс деңгейі және әлеуметтік дамудың басқа көрсеткіштері бойынша деректер ұсыну Әділетминіне ақпарат Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін СА,"Бота" ҚҚ
7. Білім беру және әлеуметтік қызметтер инфрақұрылымын жақсарту.
Жаңа әлеуметтік технологияларды қолдау үшін қосымша инвестициялар.
Облыстық жоспарлармен ықтимал қайталау/қайшылық болған жағдайда түзету
Әділетминіне ақпарат Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Бота" ҚҚ
8. Ауылдық жерлерде тұратын халықтың әлеуметтік мұқтаждықтарын қарау.
Жергілікті жобалар үшін қосымша қаржы бөлу.
Жобаларды қаржыландыруға/қолдауға қатысу.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін қосымша қаржы бөлу.
Жергілікті атқарушы органдармен үйлестіру (ақпарат алмасу)
Үкіметке ақпарат Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Әділетмині, аудандық әкімдіктер, "Бота" ҚҚ
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині     - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 
ДСМ            - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 
Еңбекмині      - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты                    әлеуметтік қорғау министрлігі 
БАМ            - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат                   министрлігі
БҒМ            - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
СА             - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 
Полная версия
ИС BestProfi