"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015
Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 277 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.02.2015 жылғы № 105 бұйрығын қараңыз
Редакция 07.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, жыл сайын 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне шекті тарифтерді түзету жөнінде ұсыныстар берсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 277 қаулысымен бекітілген
Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және электр энергиясын өндіру саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар босататын электр энергиясына есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган;
2) мемлекеттік орган - табиғи монополиялар және реттелетін нарық салаларындағы басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган.
Осы Ережеде пайдаланылған басқа ұғымдар мен анықтамалар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
2. Есептік тарифті айқындау
3. Егер энергия өндіруші ұйымның инвестициялық міндеттемелерін шекті тарифтер шеңберінде электр энергиясын сатудан алынатын қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін уәкілетті орган техникалық тапсырманы бекіткен және уәкілетті органмен және мемлекеттік органмен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік инвестициялық шартқа сәйкес инвестициялық бағдарламаны орындау туралы инвестициялық шарт (бұдан әрі - инвестициялық шарт) жасасу талабымен есептік немесе жеке тарифті қолданады.
4. Энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша уәкілетті орган бір айлық мерзімде инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бекітеді.
5. Энергия өндіруші ұйым бекітілген техникалық тапсырманың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді және бекітеді.
Полная версия