Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 мамыр N 561
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
1. "Ертіс су қоймалары құламасынан Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын өтемдік су ағызуды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы";
1-тармақта "Ертіс су қоймалары құламасынан Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын өтемдік су ағызуды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия" деген сөздер "Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамы";
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Қынатов - Қазақстан Республикасының Табиғи Марат Полатұлы ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары; Рябцев - Қазақстан Республикасы Табиғи Анатолий ресурстар және қоршаған ортаны Дмитриевич қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы, хатшы; Ульрих - "КОРЭМ" жабық акционерлік Эрих Гукович қоғамының вице-президенті (келісім бойынша); Голов - "Екібастұз энергетика орталығы" жабық Геннадий акционерлік қоғамы басқармасының Антонович төрағасы (келісім бойынша);
"Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға" деген жол "Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға" деген редакцияда жазылсын;
"Әбітаев Есберген Әбітайұлы - "КОРЭМ" жабық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)" деген жол "Әбітаев Есберген Әбітайұлы" - "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша)" деген редакцияда жазылсын;
көрсетілген құрамнан:
Мұрат Қабділжаппарұлы Мұсатаев, Аманбек Мырзахметұлы Рамазанов, Төлетай Хамитұлы Мұсағалиев, Валерий Степанович Проценко шығарылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Ертіс су қоймалары құламасынан Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын өтемдік су ағызуды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже"; 1-тармақта "Ертіс су қоймалары құламасынан Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын өтемдік су ағызудың жүргізілуін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия" деген сөздер "Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия