Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 827 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 162 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 18 шілдедегі
 № қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы
1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде және кеме қозғалысын басқару қызметтерiнiң (бұдан әрi – КҚБҚ) iс-қимылдары аймақтарында кемелердiң жүзу және тұрақта тұру тәртiбiн айқындайды.
1) порт акваториясы шегінде және оған кіреберістерде жүзуді;
2) кемелердің портқа кіруін және олардың порттан шығуын;
4) порт акваториясында кемелердің жүзуі және тұрақта тұруы кезінде құрылыстардың қауіпсіздігін және сақталуын қамтиды.
3. Кемелер теңiз порттары акваториясында және оларға кiреберiстерде жүзген және тұрақта тұрған кезде осы Қағиданың ережелері және Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережесiн (бұдан әрi – КҚАХЕ-72) ескере отырып, порт бойынша мiндеттi қаулылар сақталады.
4. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) арнайы жұмыстармен айналысатын кеме – мина қаупін жоюмен айналысатын кемелердi қоспағанда, теңiзде мұнайдың төгiлуiн жоюмен, су асты кабельдерiн жүргiзумен немесе көтерумен, навигациялық белгiлердi қоюмен немесе алумен, гидрографиялық, су асты немесе басқа да арнайы жұмыстармен айналысатын кеме;
2) кемелік рөл - кеме келген және кеткен кездегі экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтерден тұратын кеме құжаты.
Полная версия
ИС BestProfi