Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 13 ақпан N 155
Редакция 04.03.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне жылына екi рет: 15 маусымға және 15 желтоқсанға Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2004. № 272 қаулысымен. (13.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкiметiне жылына екi рет: 30 маусым мен 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2004. № 272 қаулысымен. (13.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Мәдениет
министрлiгiне жүктелсiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2004. № 272 қаулысымен. (13.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 155 қаулысымен бекітілген
Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға
арналған бағдарламасы
Iске асырылу мерзiмi 2003-2004 жылдар
Әзiрлеу үшiн негіздеме "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары
Полная версия