1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыру және санитарлық қорғауды қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2009
Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыру және санитарлық қорғауды қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қарашадағы N 1168 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.12.2009 № 2293 Қаулысымен (22.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануы тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қарашадағы N 1168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыру және санитарлық қорғауды қамтамасыз ету ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыру және санитарлық қорғауды қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрi - Ереже) ел аумағына жұқпалы және паразиттiк аурулардың, адам денсаулығы үшiн ықтимал қауiптi заттар мен өнiмдердiң әкелiнуiне жол бермеу мақсатында жүргiзiлетiн Мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен жүктердiң өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асырудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау мақсатында iс-шаралар жүргiзудiң тәртiбiн реттейдi.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын санитарлық-карантиндiк бақылауды ұйымдастыруды және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғауды қамтамасыз етудi Мемлекеттiк шекарадағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерi мен тиiстi аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдар (бұдан әрi - Органдар) жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және санитарлық қорғауды қамтамасыз ету тәртiбi
3. Санитарлық-карантиндiк бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi Органдар жүргiзедi және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғаудың құрамдас бөлiгi болып табылады.
4. Санитарлық-карантиндiк бақылау Мемлекеттiк шекарадан өтетiн барлық адамдарға, соның iшiнде жолаушыларға, поезд бригадаларына, көлiк құралдарының экипаждары мен қызметшiлерiне және Мемлекеттiк шекарадан жаяу өтетiн адамдарға, көлiк құралдарына, сондай-ақ халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн жүктерге қатысты жүргiзiледi.
5. Санитарлық-карантиндiк бақылау мынадай жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуына жол бермеу мақсатында жүргiзiледi:
1) карантиндiк жұқпалы аурулар (оба, тырысқақ, сары қызба);
2) аса қауiптi жұқпалы аурулар (Ласс, Марбург, Эбола контагиозды вирусты геморрагиялық қызбалары);
3) ауыр жiтi респираторлық белгi немесе типтiк емес өкпе қабынуы;
4) паразиттiк аурулар (безгек).
6. Санитарлық-карантиндiк бақылау:
1) келу сәтiнде осы Ереженiң 5-тармағында көзделген жұқпалы және паразиттiк аурулар бойынша қолайсыз елдерден жолаушы және өзге де көлiк құралы немесе жеке тұлға келген кезде;
2) жолаушы және өзге де көлiк құралының экипажынан көлiк құралында жұқпалы және/немесе паразиттiк аурумен ауыратын науқастың немесе оларға күдiктi адамның болуы туралы хабарлама алған кезде;
3) жөнелтушi елдiң құзыреттi органдарынан, транзиттен немесе алушыдан халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн жүктiң келуi туралы ақпарат алған кезде;
4) өткiзу пункттерiнде жүктi алушы контейнерлер мен лихтерлердi ашқанда немесе олардың тұтастығы бұзылғанда;
5) көлiк құралында осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген жұқпалы және паразиттiк ауруларды тасымалдаушы жәндiктер мен өлген кемiргiштер табылған кезде жүргiзiледi.
Өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар келген кезде объективтi эпидемиологиялық айғақтар болғанда кез келген көлiк құралын немесе контейнерлердi, сондай-ақ халықаралық рейспен келген кез келген адамды санитарлық-карантиндік бақылай алады.
7. Санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыру үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жолаушы көлiк құралының медициналық-санитарлық декларациясы;
2) жолаушы және өзге де көлiк құралын дезинсекциялау мен дератизациялау туралы куәлiк;
3) жүктерге арналған iлеспе құжаттар.
Бұл ретте мыналар жүргiзiледi:
4) олардың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi мәнiнде халықтың денсаулығына қауiп төндiретін заттар мен өнiмдердi зертханалық (құрал-сайманды) зерттеу;
5) осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген жұқпалы және паразиттiк аурулар бойынша қолайсыз елдерден келгенде, сондай-ақ келген көлiк құралының экипажынан жұқпалы және/немесе паразиттiк ауру белгiсi бар немесе оған күдiктi науқастың болуы туралы ақпарат алған кезде адамдарды медициналық қарау және сұрақ қою.
Жұқпалы және паразиттiк аурулар бойынша қолайсыз елдерге баратын адамдарда жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау немесе ревакциналау туралы халықаралық куәлiк болуы тиiс.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар оларға денсаулық жағдайына шағыммен адамдар барған кезде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды дереу хабардар етедi.
9. Көлiк құралында жұқпалы және/немесе паразиттiк ауру белгiсi бар немесе оған күдiктi науқас, сондай-ақ тасымалдаушы жәндiктер немесе өлген кемiргiштер болған кезде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның шешiмi бойынша көлiк құралы белгiленген тәртiппен санитарлық -iндетке қарсы (алдын алу ) iс-шаралар жүргiзу үшiн санитарлық тұраққа (санитарлық айлақ, санитарлық тұйық, санитарлық алаң) жiберiледi. , ,
10. Жүзеге асырылатын санитарлық-карантиндiк бақылаудың нәтижелерi бойынша лауазымды адамдар санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісiн жасайды, онда қажет ілеспe құжаттардың болуы, келген көлiк құралының түрi мен бағыты, жолаушылар мен экипаж мүшелерiнiң саны, жұқпалы және/немесе паразиттiк ауру белгiсi бар немесе оған күдiктi науқастардың болуы, халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн жүктiң атауы және оның санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелерi көрсетіледі.
Санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қызметтік куәлiгiн ұсына отырып, халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн экипаж мүшелерi, жолаушылар және жүктер бap үй-жайларға, көлiк құралдарына кедергiсiз кiредi.
11. Жұқпалы және/немесе паразиттiк аурулармен ауыратын науқас анықталған жағдайда тиiстi аумақтардағы Органның лауазымды адамдары мынадай iндетке қарсы ic-шараларды жүргiзедi:
1) науқасты аумақтық емдеу-алдын алу ұйымының ауруханасына жатқызғанға дейiн оны өткiзу пунктiнiң оқшаулағышына уақытша оқшаулауды;
2) науқаспен қарым-қатынас жасаған адамдарды обсервациялауды, қажетiне қарай, оларды аумақтық емдеу-алдын алу ұйымының ауруханасына провизорлық жатқызуды.
Жұқпалы және/немесе паразиттiк аурулар белгiсi бар науқастарды және олармен қарым-қатынас жасаған адамдарды емдеу және зертханалық тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтық емдеу-алдын алу ұйымдарында жүргiзiледi;
3) бортында жұқпалы және/немесе паразиттiк аурулар белгiсi бар немесе жұқпалы және/немесе паразиттiк ауруларға күдiктi науқас анықталған көлiк құралының дезинфекциялық іс-шараларын ұйымдастыруды.
Келген көлiк құралдарында тасымалдаушы жәндiктер, кемiргiштер мен олардың өлiктерi табылған жағдайда көлiк құралдары, олардың экипаждарымен, жолаушыларымен және жүктерiмен бiрге дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар жүргiзiлетiн санитарлық тұраққа (санитарлық айлақ, санитарлық тұйық, санитарлық алаң) жiберiледi.
Орган көлiк құралын дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау немесе олардан босату туралы куәлiктi бередi.
12. Халықтың денсаулық жағдайына қауiп төндiретiн, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, гигиеналық нормативтерге жауап бермейтiн және жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупін төндiретiн жүктер мен тауарларды санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісiнде себептерiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етiлмейдi.
13. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген жұқпалы және/немесе паразиттiк аурулар тіркелген жағдайда, аурудың инкубациялық кезеңiндегi адамдарға Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес тиiсті аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдар олар анықталған орында iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзедi.
14. Органдар осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз елдерге барушы экипаж басшыларына, мүшелерiне, поезд бригадаларына, көлiк құралдарының қызметшiлерi мен жолаушыларына, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу шаралары жөнiнде нұсқау берудi жүргiзедi.
15. Денсаулық сақтауды басқару органдары белгiленген тәртiппен емдеу-алдын алу ұйымдарының жұқпалы және/немесе паразиттiк аурулар әкелiнген немесе анықталған жағдайда iс-шаралар жүргiзуге тұрақты дайындығын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, жұқпалы ауруларға қарсы иммундық алдын алуды қамтамасыз етедi және белгiленген тәртiппен вакциналау немесе ревакциналау туралы құжатты бередi.
16. Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғау мақсатында жұқпалы және/немесе паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупі жағдайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi мен аумағында шектеу іс-шараларын (карантиндi) енгiзу заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Полная версия